Кепілдендірілген топтама кімдерге тиесілі?

Келер жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды кепілдендірілген әлеуметтік көмек топтамасымен қамтамасыз ету әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүргізілетін болады.

Ол отбасылар бірінші кезекте міндетті түрде электрондық-цифрлық қолтаңба алулары қажет. Ал осы жылдың қазан айынан бастап aleumet.egov.kz арқылы «пилоттық» режимде азық-түлік жиынтықтарын ұсыну басталды. Еліміз бойынша 2021 жылдан бастап қызметті 250 мыңнан астам қазақстандық пайдалана алады деп жоспарлануда. «Пилоттық» жоба аясында әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлері әлеуметтік топтама алушыларға электрондық цифрлық қолтаңбаны ( Э Ц Қ ) ресімдеуге көмектесіп, порталмен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіреді.

- 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар АӘК алушы отбасылар әлеуметтік қызметтер порталына тапсырыс беріп, тауар жеткізушіден өзіне қажетті топтаманы таңдайды. Қызмет алушыларды ЭЦҚ кілттерімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Ал жұмыспен қамту орталықтары порталмен қалай жұмыс жасау керектігін түсіндіреді. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдендірілген әлеуметтік топтамаларға тапсырыс беру үшін біздің бөлімде, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту орталығы (ХҚКО) мен ауылдық округтерде өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары жұмыс жасайды, - дейді аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Алмажай Қартжанова.

Бөлім мамандары атаулы әлеуметтік көмек алушыларды алдағы жылы кепілдендірілген әлеуметтік топтамалармен қамтылуы үшін электрондықцифрлық қолтаңба алуға шақырады. Қолтаңбаны алуға Egov.kz сайты арқылы тапсырыс беруге болады. Ал егер мүмкіндік болмаған жағдайда, ХҚКО немесе ауылдық округтерде ашылған өзіне-өзі қызмет көрсету орындарына хабарласулары қажет.

- Бұл өте ыңғайлы, мен интернет арқылы әлеуметтік топтама алуды рәсімдедім. Маған қорапты үйге дейін жеткізіп берді. Мұндай жиынтықтар өте пайдалы, онда балаға пайдалы өнімдер бар, оларды сатып алу әрдайым мүмкін бола бермейді. Бір балама ғана алдым. Себебі басқа балаларым мектеп жасында. Бұл пакетті алуға көмегін көрсеткен жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне алғысым шексіз, – дейді ауыл тұрғыны, әлеуметтік топтаманы алушы 4 баланың анасы Ұлдай Далабаева.

Әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлері қызмет алушылармен ғана емес, жеткізушілермен де жұмыс жүргізеді. Портал арқылы өз тауарлары мен қызметтерін ұсынғысы келетін кәсіпкерлер өздерінің сенімділігін растауға және тапсырыстарды мерзімінде орындауға тиіс.

А з ы қ - т ү л і к ж ә н е т ұ р м ы с т ы қ жиынтықтың құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдары бойынша әзірленген және жас санатына байланысты ерекшеленеді: 1 жастан 3 жасқа дейін және 3 жастан 6 жасқа дейін. Мұндай жиынтықтарға 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға гипоаллергенді жеміс пюресі мен жарма, сүт және басқа да өнімдер кіреді. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған жиынтыққа қатты бидайдан жасалған макарон, гематоген, қарақұмық, арпа және басқа да жармалар, табиғи бал кіреді. Азықтүліктен басқа жиынтықтарда гигиена құралдары – балалар сусабындары, сабын, балаларға арналған кір жуғыш ұнтақ және басқалар болады.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT