Келешекке зор үмітпен қараймын

Еліміздегі сайлау жүйесіне елеулі өзгеріс әкелген биылғы мәжәліс және мәслихат  сайлауы да өте шықты.

Мен 2021 жылдан бастап Махамбет аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты болып сайланып, қызмет атқарған болатынмын. Алайда, өкілеттілігімізді мерзімінен бұрын тоқтатуымызға байланысты, биылғы жылы сайлауда “Нар тәуекел!” деп Махамбет ауылдық округі бойынша, N3 сайлау участкесінен үміткер ретінде тіркелдім. Сайлауға түсудегі мақсатым елімнің ертеңі үшін еңбек ету болды. Сайлау алды бағдарламамда қоғамның ілгерілеуі бағытында жұмыстанатынымды айттым.

Сайлаушылармен кездесу барысында, депутат болып сайланған жағдайда қолымнан келгенше ауданды  өркендетуге атсалысатынымды жеткіздім.  Әсіресе, мәдениет саласындағы ақсап жатқан тұстарды жетілдіріп, өнерлі жастарға жағдай жасауға жұмыстанғым келеді. Халықтың сайлауға қатысу белсенділігі өте жоғары болды. Әр адам өз таңдауын жасады. Сайлауға түскен үміткерлердің барлығы да қолынан іс келетін, болашағынан зор үміт күттіретін азаматтар мен азаматшалар деп санаймын. Сондықтан келешекке зор үмітпен қараймын. Тәуелсіз еліміздің ертеңі үшін еңбектене беремін.

Эльмира Еспусинова,

аудандық З.Ещанова атындағы саз мектебінің директоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз