Ауыл шаруашылығын дамыту – басты арманым

Биылғы жыл еліміз үшін табысты, берекелі жыл болады деп санаймын. Себебі, қазақтың ұлттық жаңа жылы қарсаңында үлкен игі істер атқарылып жатыр.

Мемлекетіміздің мүддесі үшін маңызды саяси науқан, мәжіліс, мәслихат депутаттарының сайлауы өткізілді. Биыл мен де алғаш рет  аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидат ретінде ұсынылдым. Ата жолын, әке жолын қуып төрт-түлік бағып, егін егіп жүрген кәсіпкер болсам, енді міне, халықтың бір жүгін көтерер депутат боламын деген мақсат қойдым алдыма. Еліміздің ауыл шаруашылығы саласы жылдан жылға дамып, ілгерілеп келеді. Соңымыздан ерген жастарды өз тәжірибеммен бөлісіп, үйретсем деймін.

Сайлауда халық өз таңдауын жасады,әділ шешім қабылдады деп ойлаймын. Үміткер болған әрбір азаматтың мойнында үлкен жауапкершілік пен міндет бар. Сол міндетті халықтың қалаулылары сезіне білсе, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге барынша ат салысар еді.

Менің ойымша депутат болу дегеннің өзі - қарапайым тұрғындарға қоғамдағы қиындықтарды жеңуге көмекетесіп, билік пен араға көпір болып, халықтың атынан үн қосу.

Ерлан Қуанышев,

жеке кәсіпкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз