Әділ Жұбанов атыраулықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Қадірлі атыраулықтар! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – тіршілік біткен түрленіп, салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз айрықша дәріптелетін мереке, жаңа жылдың бастауы.

Наурыз бүгінде жұртшылық асыға күтетін жалпыхалықтық мерекеге айналды. Биылғы Наурыз елімізде үлкен өзгерістер мен дамудың жаңа кезеңімен, жаңару мен жаңғыру жолындағы батыл қадамдармен үндесіп, тарихи жалғасын табуда.

Келер жылдан күтер үмітіміз көп, межелі мақсаттарымыз мол. Сондықтан да Наурыз мейрамы Атырау топырағына құт-береке, молшылық әкелсін. Жаңа жылда елімізде жамандықтың болмауын, ырыс-берекенің мол болуын, ауыл-аймақтың тыныштығын тілейміз.

Ұлыстың ұлы күнінен бастау алатын Наурыз мейрамында шаңырақтарыңызға жақсылық пен ізгілік, қуаныш пен ырыс дарысын!

Ұлыс оң, халқымыз аман болсын!

Әділ Жұбанов, кәсіпкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз