Кәріз құбыры маңынан жаңа туған нәресте табылды

Атырау қаласында кәріз құбыры маңынан нәресте табылды.

15 қаңтар күні түске дейін Авангард шағын ауданының тұрғыны кәріз коллекторының басына орнатылған үйшіктен кішкентай нәрестенің жылаған даусын естіген. Коллекторға жақындағанда тұрғын кішкентай бүлдіршінді көрген. Баланы үйіне алып келген әйел бірден жедел жәрдем мен полицияға хабар берген.

Иә, мұндай жағдайдың болғаны рас. Табылған нәресте қыз бала. Қазір оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Медицина қызметкерлері оның өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дереккөз: BAQ.KZ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521