Карантин: Атырауда кинотеатр, театрлардың қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

​ «Атырауда​ «Ashyq» жобасына қатысушы театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары және филармониялар залға көрермендерді 20%-ға дейін толтыру арқылы жұмыс істей алады» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі. ​ ​

​ Бұл жөнінде карантиндік шектеулерді кезең-кезеңімен жеңілдету туралы ​ Атырау облысы​ Бас мемлекеттік санитариялық​ дәрігерінің орынбасары жариялаған​ қаулыда жазылған. ​

«Мәдени объектілердің (репетициялар) жұмысы 30 адамға дейін; театр, кинотеатр, концерт залдары, филармониялардың толтырылуы 20%-дан артық емес жағдайда жұмыс істеуге рұқсат етілсін» делінген қаулыда.

Еске сала кетелік, Атырауда карантиндік шектеулерді кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулы шықты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT