«Ashyq» жобасына қатысушы мейрамханаларда отбасылық шараларды 70 адамнан асырмай өткізуге рұқсат берілді.
Бірақ, іс-шараға қатысушылардың да, қызмет көрсетуші персоналдардың да 100 пайыз «жасыл мәртебесі» болуы тиіс» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұл жөнінде карантиндік шектеулерді кезең-кезеңімен жеңілдету туралы Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары жариялаған қаулыда жазылған.
«Карантиндік және шектеу шараларының сақталуын, «Ashyq» жобасына қатысушылардың салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізуі кезінде персоналдар мен келушілерде 100% «жасыл мәртебенің» болуын және 70 орыннан асырмай толтырылуын бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын жандандырсын» делінген қаулыда.