Атырау облысында 8 айда жасөспірімдерге қарсы 80 қылмыс жасалған

Атырау облысында 8 айда жасөспірімдерге қарсы жасалған 80 қылмыс тіркелген.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыстың саны былтырғыдан 70,2 пайызға өскен.

«Атырау облысында былтырғы 8 айда жасөспірімдерге қатысты 47 қылмыс тіркелген еді. Ал, биылғы 8 айда осындай 80 қылмыс тіркелді. Тіркелген қылмыстардың басым бөлігі кәмелетке толмағандармен жыныстық қарым-қатынасқа байланысты болып отыр. Оның ішінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 120-бабымен – 14, 121бабымен – 10, 122-бабымен – 21, 123 бабымен – 1, 124 бабымен 9 қылмыс жасалғаны анықталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT