ITeachMe: мүмкіндігі шектеуліге мүмкіндік мол!

Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.

Олардың басқаларментеңдей өмір сүріп, білім алып, қызмет етуіне, кәсіпкератанып, қоғам өміріне еркін арала- суына қолдау көрсетубағытында қолға алынған жобалар жетерлік. Солардың бірі«IteachMe» – даму ерекшелігі бар жастарды оқыту жәнежұмысқа орналастыру арқылы әлеуметтік оңалтуғабағытталған инклюзивті білім беру жобасы.

Аталмыш жоба авторы «ITeachMe» к о м п е т е н ц и я л а р д ы д а м ы т у орталығы» қоғамдық қоры ресми түрде Шеврон компаниясының қаржылық қолдауымен 2020 жылғы 13 наурызда құрылды. Қордың негізін қалаушы коммерциялық емес секторда үлкен тәжірибесі бар Захира Бегалиева. Қордың басты ерекшелігі – мүгедектігі бар адамдарды, сондай-ақ жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларды (жетім балалар, жағдайы төмен, көп балалы отбасылар) қазіргі таңда жоғары сұранысқа ие ІТ мамандықтарына оқыту, оларды әлеуметтік ортаға енгізу, қоғаммен біріктіру. Яғни «IteachMe» қоры мүгедектігі бар қарапайым жандарға өз күшіне сенуге үміт беріп, ІТ мамандығын алуға көмек берумен айналысады.

2bb11a04-1f37-4ae5-bf56-bdc320ed4277

- Қазіргі уақытта біздің қор 8 белсенді жобаны жүзеге асыруда. Біздің көптеген жобаларымыз халықтың әлеуметтік осал топтарындағы жастарға, мүгедектігі бар және барша жастарға арналған. Ең басында жобаға қатысушылар soft skills , содан кейін hard skills дағдыларын үйренеді. IT cаласындағы кәсіби дағдыларды меңгереді (мысалы, Motion design, UI/UX design, графикалық дизайн, смм, коперайтинг мобилогрфия). Бізде еңбек нарығында сұранысқа ие 45-тен астам қазақ және орыс тілдеріндегі кәсіби курстар түсірілген. Жобаға қатысушылар жаңа білім, жаңа достар тауып, жобаның финалдық кезеңіне және Қазақстанның т а н ы м а л к о м п а н и я л а р ы н ы ң жұмыс жәрмеңкесіне қатыса алады. Барлық кәсіби курстар мүгедектігі бар адамдардың әртүрлі қажеттіліктерін ескере отырып дайындалды және мемлекеттік тілге аударылды. Аталмыш курстарды аяқтаған 500-ден астам түлектеріміздің бүгінгі таңда 90 пайызы жұмысқа орналасып отыр, - дейді ҚҚ жетекшісі З.Бегалиева. Айта кетейік, Атырау қаласында орналасқан Абай орталығында « I T e a c h M e » қ о ғ а м д ы қ қ о р ы ә л е у м е т т і к о с а л т о п т а р д а н шыққан жастарды, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды, мектеп оқушыларын, студенттерді қолдау мақсатында Atyrau JasSpace кеңістігінде оқыту ұйымдастырады. Онда жастар мемлекеттік онлайнплатформалармен (мысалы, eGov, aleumet) жұмыс жасау бойынша кеңес ала алады және онлайн базалық компьютерлік дағдыларды тегін оқи алады. Сонымен қатар, 23-25 та - мыз аралығында Қор тре - н е р л е р г е а р н а л ғ а н т р е н и н г ұйымдастырмақ. Оқубарысында жоба қатысушылары тренерлік тәжірибе алып, оқытудың заманауи әдістерін, тренингтің жеке торынәзірлеуді үйренеді. Сондай-ақ, жоба аясында ағымдағыжылдың қараша айында Atyrau JasSpace кеңістігініңқолжетімділігіне мониторинг және келер жылдың cәуірайында қаланың көрікті жерлері туралы тақырыптық іс-шаралар квест форматында өткізілетін болады. Қоғамдыққордың әр шарасына қатысу тегін түрде жүргізіледі.

Балнұр САПАРОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521