Қоғамдық-консультативтік кеңес – халық мүддесіне қызмет етеді

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қоғамдық-консультативтік кеңестің бірінші отырысы өтті. Оған аудан әкімі Жұмабек Қаражанов төрағалық етіп, жиынға қатысушылармен және күн тәртібімен, отырыстың мақсатымен таныстырып өтті. Кеңес құрамына аудан және қала әкімдігінің өкілдері, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры, ТШО компаниясының қызметкерлері және қоғамдық бірлестіктер өкілдері мен аудан белсенділері енді.

  ​Қоғамдық-консультативтік кеңестің алғашқы отырысы  2010 жылы өткізілген болатын. Алайда жаһанды жайлаған коронавирус пандемиясы басталған сәттен, үстіміздегі жылға дейін жұмысы уақытша тоқтады. Енді, «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өкілдерінің Жылыой ауданы тұрғындарымен кездесуі нәтижесінде кеңес өз қызметін қайта жандандыруда. Бұл тұрғыда аудан әкімі Жұмабек Қаражанов "Біз 2022 жылы Қоғамдық-консультативтік кеңестің жұмысын бастадық. Бұл-тұрғындардың ұсынысы. Яғни, ТШО өкілдерінің жылыойлықтармен бұған дейінгі кездесуінде қарапайым халық өкілдері кеңес жұмысын қайта қолға алуды айтқан болатын. Бұл мекеме біздің ауданның ғана емес, бүкіл Қазақстанның экономикасының өркендеуіне айтарлықтай үлес қосып келе жатыр. Экономиканың 30 пайызын дәл осы компания құрайды  десем де болады" деп пікір білдірді.

7ee9be80-8269-4a8d-97e3-573059192078

«Теңізшевройл» ЖШС өзінің өндірістік қызметін Жылыой аумағында жүзеге асыратындықтан  бұл мекеннің компания үшін маңыздылығы айтарлықтай зор, әрі ерекше. ТШО мен оған мердігер компанияларда қызмет ететін 10 000-нан астам қызметкер – жылыойлықтар болып табылады. 40-қа жуық мердігер компания да осы ауданда тіркелген.

Кеңес кезінде «Теңізшевройл» ЖШС-нің үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Дәрмен Аронов сөз алып, қатысушыларға маңызды басқосудың мәні мен тиімділігін түсіндірді.

-«Жылыой ауданы мен Атырау облысы тұрғындарының әл-ауқаты ТШО үшін маңызды екенін атап өткім келеді. Ауданның әлеуметтік-инфрақұрылымдық мәселелеріншешу мақсатында халықпен диалог орнатуды жалғастыруға ниеттіміз. Өздеріңіз көріп отырғандай, ТШО өз қызметін Қазақстан Республикасының барлық тиісті заңдарын, ережелері мен талаптарын сақтай отырып, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілікке сай жүргізіп келеді» - деді ол.

667af900-6ca6-413a-a574-325a9c747cdd

Компанияның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджерінің сөзінен соң келесі сөз кезегі ТШО-ның әртүрлі сала бағыттары бойынша жауапты өкілдерінің баяндамасына берілді. Олар өндірістік сала, экология және тағы да басқа тақырыптар төңірегінде атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Баяндамада көрсетілгендей, жылдық бюджеті 25 млн АҚШ долларын құрайтын «Игілік» ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы шеңберінде Жылыойда 1999 жылдан бері 60-қа жуық түрлі нысан қолданысқа берілген. Бүгінде аталған бағдарлама аясында салынған 3000 орындық жаңа  орталық стадион - қаланың туған күніне орай халық игілігіне қолданысқа берілгелі тұр. «Игілік» бағдарламасымен қоса,  Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының Құлсары қаласы мен ауданға қарасты ауылдық округтерде жүзеге асырылып келе жатқанына да 12 жыл болды. Бұл бағдарламаның  бюджеті ағымдағы 2022 жылы 2,3 млн АҚШ долларын құрады. 14 жобаның 10-ы осы Жылыой ауданында жүзеге асырылуда. Сол жобалардың қатарында соңғы уақытта Жылыойда қарқынды түрде іске асып келе жатқан «Қоғамдық кеңістіктер» жобасы. Осы жоба аясында жергілікті белсенді тұрғындар компания бөлген қаражатқа өз күштерімен әлеуметтік нысандар салуды іске асырып келеді. Атап айтсақ, балаларға арналған ойын алаңдары, денешынықтыруға арналған спорт алаңдары, қоғамдық көліктерді күтуге арналған аялдамалар салынып, саябақтар қайта жаңғырып, бедері білініп, көркейіп келеді. Одан бөлек, көшелерге де жарық жүйелері орнатылуда. Биыл Жылыойда қоғамдық орындарды көріктендіру бойынша 29 шағын жоба жүзеге асырылып жатыр. Оған қоса, облыс әкімдігімен келісілген Меморандумға сай ТШО 6 жыл ішінде 50 га аймаққа ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта 15 гектар жерге 9000 түп көшет отырғызылыпты.

Баяндамашылардан соң жиынға қатысушылар өз сауалдарын жолдай бастады. Әсіресе, қоғам белсенділері ТШО компаниясының қызметкерлеріне көптеген сұрақтар қойып, ұсыныстарын жаудырды. Біреулері аудандағы жұмыссыздық, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, білім берудегі қиыншылықтар мен мектептердің жетіспеушілігі, кәсіпкерлерге қолдау білдіру бағытындағы жобалар, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытатын орталықтардың жайын қозғады. Енді біреулері, қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру, ауданға заманауи спорт кешендері мен бассейн салу мәселелерін көтеріп, спортшыларға қолдау білдіруді ұсыныс ретінде айтты. Солардың бірі  қоғам белсендісі – Жанаргүл Шарғабаева.

- Бүгін біраз мәселе айтылды. Дейтұрғанмен де алып қойған мәселелер жөнінде де өз ұсынысымды қоса білдірдім. Жиын кезінде қазіргі таңда ТШО-дан бөлініп жатқан ақшалардың  қайда, қалай жұмсалып жатқаны, экология мәселесі туралы айтылды. Сондай-ақ, жұмыспен қамту мәселесі де бар. Енді, ол сұрақтардың жауабын қазір алдық. Халыққа айтарым, ТШО компаниясының ресми сайтында бос жұмыс орындар жарияланып отырады екен. Егер өз ауданымыздың жастарын, балаларымызды «Теңізшевройл»-дай ірі компания қызметкерлерінің қатарынан көргіңіз келсе, жоғарғы деңгейлі білім беріп, сайтқа көз жүгіртіп отырыңыздар дегім келеді. Бүгін мүмкіндігі шектеулі жандардың да жағдайы назардан тыс қалмады. Оларға жасалып жатқан жағдайларды да қазір естіп, нақты жауабын алып отырмыз. Мағыналы жиын болды, - дейді қоғам белсендісі Ж.Шарғабаева.

Кеңес отырысында көптеген мәселенің басы көтеріліп, сан түрлі сұрақтар мен сауалдарға жауап берілді.

​​Отырыстан соң қатысушылар Құлсары қаласындағы «Шаңырақ» мейманханасының ішінде орналасқан ТШО-ның тұрақты өкілдігінің ашылуына барды. Көрсетілген мекен-жайдағы кеңсеге келіп, аудан тұрғындары компанияның өкілдерімен кездесіп, сөйлесе алады. Өз ұсыныс-пікірлерін де жеткізуге мүмкіндік жасалған. Атап айтсақ, онда үкіметпен және жұртшылықпен байланыс, экология, қазақстандық қамтуды дамыту және еңбек қатынастары бөлімдерінің қызметкерлері отырады.

Ш.Хамитова

 

#Теңізшевройл #Тенгизшевройл #Tengizchevroil #ТШО

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика