«JASSPACE» – ЖАҢА БАСТАМАЛАР КЕҢІСТІГІ

Жылдар алға жылжып, заман өзгерген сайын әлемді жаңа технологиялар жаулап келе жатыр. ХХІ ғасырда ерекше қарқынмен дамып келе жатқан технология ол - цифрлық технология.

Қазіргі кезде сандық сауаттылық, ақпараттық технологиялар, сыни тұрғыдан ойлау дағдылары ең маңызды болып саналады. Бұл болашақта біздің елімізде бағдарламашылар мен ІТ-мамандары ең көп сұранысқа ие болатынын көрсетеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та халыққа жолдауында «техникалық мамандықтарға басымдық берілуі керек және Қазақстанға өнеркәсіптік инженерлердің жаңа буынын дайындау қажет» деген болатын.

Осы орайда елімізде экономиканы көтеріп, әлеуетті арттыруға үлес қосатын технологиялық мамандық иелерін дайындауға айрықша көңіл бөліне бастады. Соның бірі Атырау қаласындағы Абай орталығынан ашылған STEAM бағытында білім беретін «JasSpace: Атырау қаласының жастарын дамыту бастамасы» жобасы. Бұл жоба Атырау облысы әкімдігі, Облыстық білім беру басқармасы, «Шеврон» компаниясы және «Орталық Азияның Еуразия Қоры» КҚ арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде іске қосылып жұмысын жалғастырып жатыр. Бағдарламаның мақсаты – JasSpace кеңістігінің айналасында STEAM бағыттары бойынша жастарды оқытуды қамтамасыз ететін және осы салалардағы кәсіптердің танымал болуына ықпал ететін экожүйені құру. «STEAM білім беру дегеніміз не?» деген сұраққа тоқталсақ, STEАM ағылшын тілінен аударғанда ғылым, технология, инженерия, өнер және математика сөздерінің қосындысы. Бір сөзбен айтқанда дүниежүзілік білім саласындағы жаңа тренд. Жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруды көздейді. STEАM форматындағы курстар кіріктірілген форматта өтіп, оқушыларға пәнаралық байланысты көруге мүмкіндік береді. Бірнеше пәндерден алған білімін біріктіре отырып жаңа бір қолданбалы зат, жоба, прототип жасап шығарады. Бала теория мен тәжірибені біріктіре отырып өз қолымен бұйым жасау арқылы білім алуға деген құштарлығы артады. Жан – жақты,бәсекеге қабілетті болады. Сын тұрғысынан ойлай алады. Жаңа жоба жасай алу арқылы, Қазақстанға өз пайдасын тигізетін азамат болады. Бір сөзбен айтқанда STEАM әрбір оқушыға алған білімінің нәтижесін көрсетеді. «JasSpace» Атырау қаласының жастарын дамыту бастамасы» бағдарламасының жетекшісі Салтанат Ноғайбайланованың айтуынша, 2022- 2023 жылдары Абай орталығында балалар мен жастардың әлеуетін дамыту үшін іске асырылып жатқан JasSpace бағдарламасына 7-11 сынып оқушылары, студенттер, мүмкіндігі шектеулі жастар, STEAM оқытушылары қатыса алады. -JasSpace кеңістігінде 13 маусым мен 1 шілде аралығында жазғы мектеп шарасы өтті. Қатысушыларды тарту әлеуметтік желілерге жарнама жасау арқылы жүзеге асты. Нәтижесінде жазғы мектепке 169 оқушы тіркелді. Барлық тіркелушілер STEAM форматында өткен 3 сабаққа қатысып шықты. Бірінші және екінші кезеңге қатысқан 51 оқушыға 3 бағыт бойынша білім берілді. Олар робототехника, STEAM-кіріктірілген биология және экология. Үшінші кезеңіне қатысқан 33 оқушы робототехника, STEAM-кіріктірілген биология және UNIMAT станоктарында ағашпен жұмыс жасап үйренді. Оқушылар жаздық мектеп барысында бананнан ДНҚ молекуласын бөліп алу, квадрат әдісі арқылы Абай орталығының аумағындағы өсімдіктердің таралу жиілігін, Arduino платформасында светодиодтарды жағу сияқты түрлітәжірибелерді жасап көрді. Курс соңында оқушылар бір-бірімен достық қатынастар құрып, қанжығаларына жазғымектепті аяқтағандары жайлы сертификаттарды байлады. Курс нәтижесі бойынша жүргізілген сауалнама кезінде57,6% оқушыларға 3 бағытта көңілдерінен шыққаны белгіліболды. 19% робототехника, 14% биология, 10% экология қатты ұнаған. Жазғы мектепке Атырау қаласынан алыстаорналасқан Алмалы, Томарлы, Доссор ауылдарынан келіпқатысқан оқушылар болды. Б а л а л а р ғ а п р а к т и к а л ы қ т ұ р ғ ы д а ұйымдастырылған курстар қатты ұнады. Қыркүйек айынан бастап JasSpace кеңістігіндеұйымдастырылатын: химия, робототехника, экология, биология, 3D басып шығару, IT дағдылары бойыншакурстарға қатысқылары келеді– дейді С.Ноғайбайланова. Р о б о т о т е х н и к а б о й ы н ш а қ а т ы с қ а н оқушыларғадәнекерлеу кезіндегі шамның жыпылықтауы, қозғалтқыштың қозғалысы, Arduino Uno-да жұмыс істегенсәттері ерекше ұнаған. Экология бағытындағықатысушылар эко монополияны ойнау, экология бойыншапрезентациялар дайындау жұмыстарын қызығушылықпенорындаған. Биология пәнінде ДНҚ молекуласынэкстракциялау және моделдеу, ашытқының спирттік ашуэксперименті мен йогурт жасау секілді тәжірибелер жасады. UNIMAT станоктарында жұмыс жасау сабағында ағаштаншам қойғыш, түрлі фигураларды ойып үйренді. «JasSpace» орталығында отбасылық мастер классқа қатысқан ата-аналар жаз мезгілінде балаларымен бірге қолдан бұйымжасап, олардың шығармашылығын бірге дамыту өздерінеұнағанын, осындай креативті жобаларға тағы да қатысқылары келетінін айтуда. Жазғы мектептен кейін 1 - 19 та - мыз аралығында STEAM бағыты бойынша тегінбіліктілікті арттыру курстары өтеді. Курстың мақсаты STEAM бағыты бойынша оқытушылардың оқытуқұзыреттілігін дамыту және кіріктірілген STEAM жобаларын жүргізуді үйрету. Сабақтар Online және Offlineформатында өтеді. Online курстары 1 мен 5 тамызаралығында 36 сағаттық бағдарлама негізінде, “Caravan ofKnowledges” ұйымымен бірге іске асады. Offline курстары 8 бен 19 тамыз аралығында 72 сағаттық бағдарлама негізінде, Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы РҚБ «Казроботикс» ұйымымен біргеөткізілетін болады. Arduino, 3D принтер, лазерлік кесу жәненақыштау құралдарында жұмыс жасап үйреніп, STEAM – кіріктірілген проекттерді жасау дағдыларын үйренеді. JasSpace кеңістігі тек технологиялардың орны емес, сонымен қатар қазіргі заман мәдениетіне өз үлесін қосудыкөздеп отыр.

«Ашық студия» жобасы шығармашыл жастардың мәдениет пен өнер индустриясының дамуына қолдау көрсетеді. 12-25 жас аралығындағы Атырау жастарымен жасөспірімдері өнер, мәдениет және ғылымсаласындағы тақырыптарға ашық дәрістер тыңдап, практикалық сабақтарға қатысады, қалаішілікэкспедициялар мен серуендер өтеді. «Ашық студия» жобасымен қатар, Жас суретшілер резиденциясы да іскеасып жатыр. Қазақстанның 12 қаласынан 55 өтінім ішінен 5 өзіндік стилімен ерекшеленін резидент таңдалып шықты. Резиденция барысында қазіргі заманғы суретшілері JasSpaceSTEAMкеңістігі мүмкіншіліктерін қолдана отырып, жаңатехникаларды үйреніп, өнер туындыларын әзірлейтінболады. JasSpace STEAM-кеңістігі тең мүмкіндіктер алаңы. ITeachME қорымен бірлесе отырып іске асып отыр. Әрдүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері мемлекеттік сайттарды, жалпы компьютерлік дағдыларды меңгергісі келетін барлықкелушілер және мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін негіздеөз қызметтерін ұсынады. Сөзімізді қорытындылай келеайтарымыз Атырау облысының балалары мен жастары Абай орталығының JasSpace кеңістігінде жаңа технологиялардымеңгереді және болашақта осы жоба аясында дайындықтанөткен жастар техникалық білімді қажет ететін аймақтың ірімекемелерінің жұмысына ықпал етері сөзсіз.

Айдана Жолболдинаның анасы:

«Біз мастер класста ағаштан гүл фигурасын жасадық. Мастер класс керемет өтті. Ата-ана баласымен біргеұйымдасып бұйым жасау әсерлі болды. Ағашпен жұмысжасау станогында алғаш рет жұмыс жасап көргенімізге өтеқуаныштымыз.

Баян СҮЙЕУОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521