Елімізде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында бірнеше қала, өңірлерде карантин режимі жарияланып, шектеу шаралары күшейтілді.
Оның ішінде біздің Атырау облысы да бар. Карантин талаптарын бұзған адамдарға 10 АЕК немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылғанын білеміз. Карантин кезінде мына іргеде тұрған Атырауға бара алмадық. Қала маңына блок-бекеттер қойылып, кіріп-шығуға тыйым салынды. Карантин кезінде кей мекемелер қашықтықтан жұмыс істеп, балаларымыз оқуды қашықтықтан оқып, мектепті де бітірді.
Жалпы коронавирус белгілері өткір респираторлық инфекция мен тұмауға ұқсас келеді дейді дәрігерлер. Қорғану тәсілдеріне - қолды жиі сабындап жуу, антисептикті пайдалану, үй-жайды таза ұстау, ауаны тазартып отыру да кіреді. Әр адам дұрыс тамақтанып, жеміс-жидекті тұтынғаны дұрыс көрінеді.
Маусымның 1-де Атырау қаласына баратын жерлерге қойылған блок-бекеттер алынғанымен, індеттің таралуы әлі тоқтаған жоқ. Сондықтан әр адам санитарлық гигиена талаптарын сақтауға міндетті деп ойлаймын.
Р.Құлшорина,
Еңбекшіл ауылының тұрғыны