"Атырау облысында халық арасында коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуының алдын-алу және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету туралы» 2020 жылғы, 10 мамырдағы №44 –ПГВР Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Мен, Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жұмағалиев Амантай Төлегенұлы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 150 бабына сәйкес, Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - КВИ) таралуына жол бермеу және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Атырау облысы аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі мен COVID-19 сырқаттанушылығының өсу деңгейін ескере отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Атырау қаласы мен Атырау облысы аумағында карантиндік шектеу шараларының қолданылуы эпидемиологиялық жағдай толықтай тұрақтанғанға дейін созылсын;
2. 23:00-ден 06: 00-ге дейін Атырау облысында жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық қызмет көрсету қызметкерлері, мемлекеттік медициналық мекемелер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызметтер, сондай-ақ стратегиялық маңыздағы нысандарға өндірістік қызмет көрсететін және өмірді қамтамасыз ету нысандары қызметкерінен қызметкерлерді қоспағанда азаматтар мен көліктердің қозғалысына толықтай тыйым салынады;
3. Сағат 06:00 және 23:00 аралығында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, міндетті түрде маска тағып, 1,5-2 метр ара қашықтықты сақтап, азаматтарға тұрғылықты жерінен шығуға, жүруіне рұқсат берілсін;
. Азаматтардың қозғалысы жұмысқа баруға, азық-түлік, дәрі-дәрмек, бірінші қажеттіліктегі заттарды, рұқсат берілген қызмет түрлерін алуға (тұрғылықты жеріне жақын маңдағы), шұғыл жағдайлар бойынша дәрігерлік көмек алуға байланысты қозғалысына, азаматтарға қызметтік, жеке, қоғамдық көлікпен жүруіне рұқсат берілсін;
4. 2020 жылдың 18 маусымнан сағат 07.00-ден бастап күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, келесі уақытша шектеулер белгіленсін (22.05.2020 ж. №37 және 30.05.2020 ж. №38 ҚР БМСДҚ алгоритміне сәйкес):
1) жиналыстарды, кеңестерді, семинарларды, конференцияларды селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыспен өткізу арқылы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 80%-ын "қашықтықтан" жұмыс жасау формасына ауыстыру;
2) ХҚКО онлайн режимінде қызмет көрсетуге өту, онлайн режимде көрсетілуі мүмкін емес қызметтерді алдын-ала жазу бойынша жүзеге асыру (сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
3) азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың қызметі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін;
4) гипермаркеттер, супермаркеттер және басқа да азық-түлік дүкендері сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін (азық-түліктерді сату көкөніс пен жемістерді қоспағанда, тек өлшеп салынған түрде жүзеге асырылады);
5) қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамханалар/барлар/кафелер/асханалар және басқалар) бір уақытта 30 адамнан аспайтын келушілер санымен, үстелдер арасындағы қашықтықты 2 метрден кем емес сақтауды қамтамасыз ету, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс, сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін;
6) Азық-түлік емес сауда нысандары (сауда орталықтары, сауда үйлері, дүкендер), сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін; ұялы телефондарды, басқа да техниканы жөндеу, тігін ательелері, фотосалондар және т. б.
7) шаштараздар, сұлулық салондары барлық қызмет түрлері алдын алу жазылу бойынша сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін;
8) білім беру орталықтары, үйірмелер, балаларды дамыту орталықтары (10 адамнан көп емес), сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін;
9) спорт нысандары (тек ашық ауада) 30 адамға дейін спортшылар үшін көрерменсіз сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін;
10) фитнес-орталықтар (10 адамнан көп емес), СПА салондар, бассейндер сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін;
11) мәдениет нысандары қызметкерлерге үшін 30 адамға дейін, көрерменсіз сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін;
5. Атырау облысының әкімдігіне:
1) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас берулер), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;
2) қоғамдық орындарға, оның ішінде алаңдарға, саябақтарға, жағалауларға баруға тыйым салынсын;
3) меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі балалар ұйымдарының қызметіне тыйым салынсын;
4) қала сыртындағы сауықтыру орталықтарының және мектеп жанындағы лагерьлердің қызметіне тыйым салынсын;
5) кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің, интернет пен компьютерлік ойын клубтарының және адамдар көп шоғырланатын басқа да нысандардың қызметіне тыйым салынсын;
6) діни нысандар қызметіне және халықтың онда баруына тыйым салынсын;
7) ойын-сауық нысандарының қызметі (балалар ойын орталықтары, түнгі көңіл көтеру орындардың, кальян, букмекерлік, бильярд, караоке, PS-клубтар, квестдар, антикафе, боулинг орталықтарына және т. б.) тыйым салынсын;
8) кейтерингтік қызметтер көрсету саласындағы компаниялардың қызметіне тыйым салынсын;
9) мерекелерді, оның ішінде туристік нысандарды, қала сыртындағы демалыс аймақтарын ұйымдастыру.
6. Атырау қаласы және аудандар әкімдіктеріне:
1) Эпидемиологиялық ахуалға қарсы шаралардың орындалуын бақылау және мониторинг жасау жұмысына тартылған мобильдік топтардың рұқсат берілген нысандардағы кемшіліктер туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат тарату жұмысы ұйымдастырылсын.
2) 22.05.2020 жылғы №37 ҚР БМСДҚ №18 қосымшасына сәйкес қоғамдық және адамдар көп шоғырланатын орындарда дезинфекциялық шараларды жүргізу;
3) 22.05.2020 жылғы №37 ҚР БМСДҚ №15 қосымшасына сәйкес қоғамдық көлік барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін шектеулі режим шеңберінде әрекет ететін болады;
7. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың, өндіріс нысандарының оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін мекемелердің басшыларына:
1) 2020 жылдың 20 маусымына дейін өндірістік нысандарда, вахталық қалашықтарда, кеңседе және өзге де үй-жайларда санитарлық-гигиеналық шараларды күшейту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және жергілікті атқарушы органға ұсынсын;
2) 22.05.2020 жылғы №37 ҚР БМСДҚ №21 қосымшасына сәйкес вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындар қызметкерлерінің шығу (кіру) тәртібін қоса алғанда, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік нысандарда санитарлық- гигиеналық іс-шараларды күшейту.
3) Қызметкерлердің 80% - ын қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстыру.
8. «ҚТЖ» ҰК" АҚ-ның филиалы магистральдық желі бөлімшесінің басшысына:
1) темір жол вокзалдарының ғимаратына шығарып салушыларды ( қажет болған жағдайда 1 адамнан аспайтын) жібермеуді қамтамасыз етсін;
2) жолаушылардың келуі мен кетуі үшін бөлек дәліздер (өту ағындарының болмауын) қамтамасыз етсін;
9. Атырау облысының Полиция департаменті қамтамасыз етсін:
1) COVID-19 бойынша карантиндік, провизорлық және инфекциялық стационарларды күзету;
2) Атырау облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын бұзушыларға қатысты әкімшілік шараларды қолдану және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
3) отбасылық, еске алу шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас берулер) үйде өткізуге жол бермеу;
4) жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, мониторингтік топтардың құрамында карантиндік шектеу шараларының бұзылуының алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыстарды жүргізсін.
10. Ішкі саясат басқармасы Атырау қаласы және аудандар әкімдіктерімен бірлесіп:
1) БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды эпидемиологиялық жағдай, қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы кеңінен ақпараттандыруды жүзеге асыру;
2) Эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруі мен науқастар санының өсуін есепке ала отырып, БАҚ-тың жұмысын бірыңғай үйлестіруді және орталықтандыруды қамтамасыз ету.
11. Аталған қаулының орындалуын өзіме қалдырамын.
12. Аталған қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
А. Жұмағалиев,
Атырау облысының Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігері