Мылтықсыз майдан жүріп жатыр

Кезінде елімізде төтенше жағдай енгізілгенін білеміз. Иә, айтқан жерден аулақ, елдің шеті бүтін, іші бейбіт. Дегенмен, мына індеттің шығысы соғыспен пара-пар сияқты.

Көз көріп, қолымызбен ұстамасақ та мылтықсыз майдан жүріп жатқандай дерсің. Дәрігерлер қауымы күн-түн демей, еш санаспай, әрбір ауру жұқтырған адамның жанын аман қалу үшін айқасты.

Мылтық кезенбей-ақ оқ өтпей адамдар өзінің салғырттығынан, жауапсыздығынан қаншама адамның басына нәубет әкелді десеңші. Тіршілікте барлығы қажет, көңіл толмастық болады. Ол қалыпты дүние, ең бастысы, халқымыздың амандығы емес пе? Біз үшін тұтас еліміздің, халқымыздың, Отанымыздың амандығы қажет-ақ.

Президентіміздің халыққа жасаған әрбір мәлімдемесінде осыны қайталағанын жақсы білеміз. Амандық болмаса, ауру шалса, ештеңенің керегі болмай қалатынын анық түсіндік. Мынадай алмағайып қысылтаяң шақта, сындарлы кезеңде бір-бірімізден кемшілік іздемей, мін тере бермей, сүрініп кетсе, табаламай, аяқтан шалмаған жөн. Адамға еш арамдық ойламай, қайта бір-бірімізді қолдап, қамқорлық танытып, жәрдем жасайық. Қашанда қолтығынан демей, бірлік көрсеткенге не жетсін.

Ә.Мұхтаров,

зейнеткер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521