«Қазгидромет» РМК синоптиктері 24-26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Демалыс күндері еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында күндізгі ауа температурасы плюс 33…39°С болған аномальді ыстық, суық фронттың өтуімен қыркүйекке тән ауа райына ауысады. «Арктикалық суық фронттың өтуіне байланысты республиканың орталығында және шығысында жаңбыр, екпінді жел және температура түнде минус 3°С дейін төмендейді деп болжануда.
Ал батыс және солтүстік облыстарында суық фронттың ықпалынан жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Алдағы үш тәулікте мұнда жауын-шашын сақталады, ал түнгі және күндізгі уақытта тұман түсіп, үсік жүреді деп болжанып отыр», - делінген хабарламада.
BAQ.KZ
Сурет: ашық дереккөз