Махамбет аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 4 бөлігімен құқық бұзушы К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Құқық бұзушы Өзбекстан Республикасының азаматы К. Қазақстан Республикасы шекарасынан 2018 жылғы 22 сәуірінде өтіп, жеке мақсатпен келіп, 2018 жылғы 21 мамырына дейін уақытша тіркелген, шетел азаматы бола тұрып, көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарған.
Сот отырысында құқық бұзушы К. әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кінәсін мойындап, өз түсініктемесінде қазақ тілін түсінетінін, қазақ тілінде жауап бере алатындығын айтып, 2018 жылғы 22 сәуірінде елімізге өтіп, жеке мақсатпен келіп, 2018 жылғы 21 мамырына дейін тіркелгенін, алайда көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өтіп кеткені туралы жауап берген. Сот К-ні Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 517 бабының 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Өз тілшіміз
Сурет:дереккөз