20 тәулікке қамауға алынды

Махамбет аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігімен құқық бұзушы К-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы К. көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, 10 қыркүйек 2019 жылы трактор көлігін Махамбет ауданы, Еңбекшіл ауылы, 51 шақырым тұсында алкогольдік масаң күйде басқарған. Сот отырысында құқық бұзушы К. өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін мойындап, ондай іс-әрекетті енді қайталамайтыны және шын жүрекпен өкінетіні туралы жауап берген.

Сот К-ні ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, осы бап бойынша ол 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT