Алдымыздағы барлық қиындықтарды бірге еңсереміз

Ант берген сәттен бастап жаңадан сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етуге серт берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қымбатты отандастар! Алдымызда ауқымды әрі жалпыхалықтық міндеттер тұр.

Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық. Қазақстан жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар еліне айналды. Оның игілігін жастар мен келешек ұрпақ көреді. Біз - бабалар дәстүрін қастерлейтін, жаһанның озық жетістіктеріне ұмтылатын халықпыз. Бұл - біздің күш-қуатымыздың діңгегі.

Біз алдымыздағы барлық қиындықтарды бірге еңсереміз. Біз қуатты әрі гүлденген Қазақстанның өркендеуі үшін бірге еңбек етеміз. Антқа адал болу, сертке берік болу - менің халық алдындағы қарызым. Қазақстанның жарқын болашағы үшін, халық үшін аянбай еңбек етуге серт беремін.

Баршаңызға амандық, құт-береке тілеймін. Қасиетті Отанымыз - Қазақстан Республикасы жасай берсін», - деп түйді сөзін ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сурет:Дереккөзі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521