Ел тұрғындарының табысы төмендеді

Қазақстандықтардың нақты ақшалай табысы 2 пайызға төмендеді. Бұл жайында Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті.

«2022 жылғы маусымда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 145 592 (алдын ала деректер) теңге болды. Бұл – 2021 жылғы маусымға қарағанда 12,2 пайызға жоғары. Нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2 пайызға төмендеді», - деп атап өтеді бюродан.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы шілдеде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 450,1 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санының 4,8 пайызын құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2022 жылғы шілденің соңына 229,1 мың адамға немесе жұмыс күшінің 2,5 пайызына жетті. Ал, 2022 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 312 124 теңге болды.

 

Фото: ашық дереккөзден

 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика