Ел аумағында болу ережесін бұзған

Махамбет аудандық сотында Қарақалпақстан Республикасының азаматшасы К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат К. 2019 жылдың 22 мамыры күні «Құрманғазы» бекеті арқылы Қазақстан Республикасының шекарасынан жеке мақсатпен өтіп, Махамбет аудандық полиция бөліміне есепке тұрмай, Сарайшық ауылындағы «Казагросервис» ЖШС мекемесінде жұмысқа тұрып, ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған.

Сот отырысында К. өзінің кінәсін толықтай мойындап, қазақ тілін жетік меңгергенін, өзіне қатысты толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамадағы уәжді қуаттайтынын, жасаған құқық бұзушылық әрекетіне өкінетіндігін айтқан.

Сот қаулысына сәйкес азаматша К. ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 4 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған деп танылып, осы бап бойынша оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 26513 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

К.Сапарқызы

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT