Миллиондаған қолданушы WhatsApp-сыз қалады

WhatsApp мессенджері Windows Phone операциялық жүйесі қолданушыларында және Android пен iOS-тың ескі нұсқаларында істемейтін болады.

Windows Phone-да хат алмасу сервисі 2019 жылдың 31 желтоқсанында тоқтатылады. Операциялық жүйесі Android 2.3.7-ден және iOS 8-ден ескі болса6 бұл қызмет 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап қолжетімді болмайды. Басылымның ақпаратына сәйкес, миллиондаған адам WhatsApp-сыз қалады.

Мессенджер Android 4.0.3-тен және iOS 9-дан бастап қолжетімді болады. Компания мұндай қадамға ескі жүйеде қосымшаның мүмкіндігін одан әрі кеңейту мүмкін болмағасын барған.

Бұған дейін WhatsApp қолданушы жіберген хабарламаларды автоматты түрде өшіретін функция қосатынын хабарланған болатын. Сондай-ақ, таймер уақытын да реттеуге және бір сағат, бір күн, апта, ай және жылдан соң деп белгілеуге болады.

Дереккөз: Sputniknews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521