Атырауда Наурыз мерекесі кең көлемде тойланды

Бүгін, 22 наурыз күні Исатай-Махамбет алаңында Наурыз мерекесіне орай 20-ға жуық киіз үй құрылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов алаңдағы киіз үйлерді аралап тұрғындарды Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады. «Ел бірлігі-Жаңа Қазақстан» атты мерекелік шарада «Астана Сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, Әлихай Дүйсенбай, Асқар Мұқият, Райм Уайыс және «T&Y» дуеті өнер көрсетті.

- Қадірменді ағайын! Баршаңызды бүгінгі келіп жеткен Әз-Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Бүгін Табиғат Ананың өзі оянып, жерімізде бәйшешек гүл атып жатса, біздің жақсылықтарға бастау алатын, көңілді кеңейетін, пейілдің түзелетін күні. Ақ мол болсын! Мереке құтты болсын, деді Серік Шәпкенов.

Атырау облысында 14 наурыз-Көрісу күнінен бастап бүгінге дейін 100 ден аса мерекелік шара өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз