Депутаттар уәдеге берік, іске адал болу керек

Күні кеше ғана елімізде Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп, өз мәресіне жетті. Бұл саяси науқанға бізде отбасымызбен барып, қатысып, азаматтық борышымызды атқардық.

Тәуелсіз, демократиялық мемлекетке айналған күннен бері сайлау жүйесі жаңарып келеді. Біздің балалығымыз, жастығымыз басқа кезеңде өтті. Бір ғана партияның атын біліп өстік, соған бағындық. Қазір заман өзгерді, демократиялық қоғам да халыққа еркіндік беріп отыр. Бір емес, жеті бірдей партия сайлауда сынға түсіп, үздіктері анықталды. Кім қай партияны таңдайды өз еркіне салды. Дауыс беру тоқтатылғаннан кейін санаулы сағаттарда Республика бойынша Exit poll нәтижесін көріп қуанып қалдық әрине. Халық әділ таңдау жасады деп ойлаймын.  Елдің аманатын арқалаған «Amanat» партиясы көш бастап тұр екен. Енді осы партиялар атынан ұсынылған депутаттар уәдеге берік, іске адал болуы керек. Себебі, миллиондаған халықтың тілегі, мұқтажы, сұранысын үкіметке жеткізіп отыратын солар.

Қазіргі қоғамда еңбекқор, білімді адамдар үлкен жетістікке жете алады. Бұрынғыдай қырда мал бағып отырса да қорасын, жем-шөбін үкімет пен партия тауып беретін кезеңнен кеттік. Әр адам өз кәсібі үшін өзі еңбектенетін, өзі тер төгетін уақыт келді. Жаңа Қазақстан қай бағытқа бет бұрса да, ұрпағымыздың болашағы жарқын болсын дейміз. Жастарымыз жаман әдеттен аулақ болсын, сарбаздарымыз әскерден аман қайтсын, жемқорлар жазаланып, отбасындағы зорлық-зомбылық азайсын деп тілеп отырамыз. Осы мәселенің бәрінің бір күрмеуін шешу күні ертең мәжіліске, мәслихатқа барғалы отырған жас, жігерлі депутаттардың қолынан келеді деп ойлаймын.

Мұрат ЕЩАНОВ

ардагер, Махамбет ауданының тәуелсіз медиаторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521