Заңнамалық тұрғыда барлық кандидатқа тең мүмкіндік берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауынан кейін өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік туатындығын баса айтқан болатын.

Иә, 2023 жылдың 19 наурызы еліміз үшін маңызды дата ретінде тарих қойнауына енді.

Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында махамбеттіктер де қалыс қалмай, өз таңдауын жасады. Елдегі өзгерістер үшін дауыс берді. Сая¬си науқан барысында жалпақ жұрттың ел ертеңіне зор сеніммен қарайтыны аңғарылды.

Соңғы жылдары жүргізілген саяси өзгерістер, сайлау заңнамасын мақсатты түрде либералдандыру Қазақстанда партия құру ісіне тың серпін берді. Ұзақ уақыттан бері елімізде алғаш рет бірнеше жаңа партия ресми түрде тіркелді. Бір мандатты округтер бойынша аралас сайлау жүйесі қазақстандықтардың азаматтық, саяси белсенділігін көрсетуге мүмкіндік берді.

Заңнамалық тұрғыдан барлық кандидаттың мүмкіндігі тең, ал науқанның нәтижесі үміткерлердің өзіне байланысты болды. Саяси сынға түсушілердің және оның штабының мотивациясы мен көзқарасы, материалдық және адами ресурстары, науқанға дайындық деңгейі, креативі, шынайылығы сайлау науқанында бәсекеге қабілеттілігіне әсер етті. Үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желіне пайдалануда қарсыластарынан оқ бойы озық болғандар сайлауда да халықтың назарына ілінгені анық.

Сонымен қатар сайлау бюллетеніндегі «бәріне қарсымын» деген нұсқаны қолдану нәтижесінде азаматтардың саяси сұраныстарын анықтауға мүмкіндік болды. Егер сайлаушы ұсынылып жатқан үміткерлер арасында лайық адам жоқ деп санаса, осы бағанды белгілей алды. Осы арқылы болашақ сайлауға қатысатын партиялар мен үміткерлер соңғы сайлау нәтижесіне қарап, сайлаушылардың үміткерлерге деген сұранысын ескере отырып жаңа бағдарлама ұсынады немесе үгіт жұмысын белсене жүргізеді.

Бұл сайлау біздің қоғам үшін жаңа өзгерістер мен жаңа реформалар әкелері хақ. Халықтың мүддесін кім қорғайтынын әр азамат өзі дауыс беру арқылы анықтай алды. Кешегі сайлауда белгілі бір партияға, белсенді азаматтарға сенім білдірілді. Ендігі жерде ел сол сенімнің ақталуынан үмітті.

Марат САБЫРҒАЛИЕВ,

Махамбет аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521