Маңызды қадам жасалды

Қоғам әр сайлаудан тың леп, соны серпін күтеді.

Президент  «Сындарлы қоғамдық  диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында  халық үніне құлақ асатын үкімет бастамасын көтерген еді.   Бұл барынша  ашық және есепті мемлекетті қалыптастыру.   Халық пікірі барынша ескерілуі тиіс.   Ол үшін билік пен халық арасында ашық диалогқа құрылған алтын көпір болғаны дұрыс.   Бір жағынан бұл қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимылының маңызды екеніне екпін беріп, азаматтарды ашық диалогқа шақыруы.  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында билік өкілдерінің халықпен кездесулері артты. Бұл тұжырымдама «Әкім бол, халқыңа жақын бол!» тәмсілімен астасып жатыр деп те айта аламыз.   Жолдауында саяси жаңғыру үшін сайлау жүйесін жетілдіру қажеттігі айтылғанын да  білеміз.  

Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау- Конституциялық реформаға  сәйкес саяси жүйені жаңғыртудың бір кезеңі.   ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық  деңгейдегі мәслихаттар депутаттар сайлауы да ойдағыдай өтті.   Бұл сайлаудың бұрынғы сайлаудан  айырмашылығы-  оның  аралас сайлау жүйесінде өтуінде.  Соның ішінде халықтың пікірі де  маңызды.

Кешегі өткен сайлау - азаматтық белсенділік мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы аса маңызды қадам болды.   Сайлауда партиялар ішінде «АMANAT» партиясы жеңіске жетті.  Cайлау жүйесіне салмақты көзқарас, ашықтық пен мөлдірлік үлгісі  де  керек.

Мәдениет ҚҰЛМАНОВ,

мемлекеттік сала ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521