«Жастар – біздің болашағымыз.Оларды жаңа заманда өмір сүруге «Елбасымен үш рет кездестім» үйрету – біздің міндетіміз» деген еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үнемі жастарға сенім артады.
Осы сенімді ақтау жолында еңбек етіп, ерекшелігімен көзге түсіп жүрген жастардың барына қуанамын. Ал Елбасымен кездескен сәттерді өзім үшін тарихи оқиғаға балаймын.
Осыдан 8 жыл бұрын жас маман ретінде жұмысқа орналасқаннан кейін ең алғаш 2012 жылы НұрСұлтан қаласына (ол кезде Астана болатын) «Жас Отан» Жастар қанатының съезіне делегат болып қатысуға бір топ атыраулық жастармен бірге жолға шықтым. Екі күнге жоспарланған шараға Атырау қаласынан 60 адамнан құралған делегация қатысты. Көздерінде от ойнап, жалындап тұрған әр аймақтың жастарының басы қосылды. Ең бір кереметі, кез келген адамға бұйыра бермес сәттің, яғни Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлымен кездесудің орын алуы болды. Осы шараға қатысу арқылы мен сол мүмкіндікке ие болдым. Бұл – алғашқы кездесу болатын.
Зор күш-қуат берген кездесуден кейін де бірнеше рет Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында ұйымдастырылған Республикалық жастар форумына делегат ретінде қатыстым. Делегаттар әр сала бойынша дискуссиялық жиындарға, пленарлық отырыстарға қатысып,кейін Елбасымен міндетті түрде кездесетін. Нұрсұлтан Әбішұлы жастарды жігерлендіретін сөздерін айтып, арасында әзілдерін де айтатын. Кездесуге қатысушылардың сөздерін мұқият тыңдап, жауап беріп үлгеріп отырды.
Ал 2017 жылы «Жас Отан» жастар қанатының жас кадрлар даярлайтын «Жастар кадрлық резерві» жобасына өтініш тастап,бағымды сынап көргенмін. Республика бойынша 1500 жас өтініш тастап, 48 жас іріктеуден өткен екен. Сол іріктеуден өткендер арасында табылып, ҚР Парламентінде бір ай тағылымдамадан өту бақыты бұйырды. Мәжілістің пленарлық отырыстарының үкімет сағаттарына, Парламент палаталарының бірлескен отырыстарына қатысып,жұмыстарымен таныстық. Елбасымен өткен жиындағы заңдардың талқылануына және өзге де тың дүниелерге куә болып қайттым. Елге белгілі депутаттармен, Елбасымен бірге бір жерде жұмыс жасаған уақыт ең керемет, сөзбен айтып жеткізе алмастай кезең болды. Бұл мен үшін үлкен жетістік деп айта аламын.
Елбасының саясатын қолдап, әр бастамасынан тыс қалмауға тырысып келемін. Биылғы жылы елдегі жағдайға байланысты «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында аудан еріктілері болып, Мақтааралға материалдық қолдау, сондай-ақ көмекке мұқтаж отбасыларға азықтүлік пакеттерімен жәрдемдесіп, бірталай жұмыстар жасалды. Елбасының «Алғыс хаты» да елордадан жетіп, еңбегімізді елеп-ескерген болатын.
Бибігүл НӘБИЕВА,
З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебінің мұғалімі,
«Бибі-Саз» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі