Бұзақы 7 тәулікке қамалды

Жиі жасалатын ұсақ бұзақылықтың жазасы қандай?

Атырау облысының Махамбет аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Махамбет ауданының тұрғыны А. 1 наурызда осы ауылда орналасқан азық-түлік дүкені ішінде ұсақ бұзақылық жасап, Б-ны жұлқып, ар-намысына тиетін былапыт сөздер айтқан.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен (Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында жәбірленуші Б-ы оған заң талаптарына сай шара қолдануды сұраған. А. кінәсін толық мойындап, ондай іс-әрекетті енді қайталамайтыны және жасаған әрекетіне өкінетінін айтып көрсеткен.

Сот қаулысымен А. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521