Ардагерлермен кездесу өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінде мемлекеттік қызмет ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылған-ды.

Мақсаты - қызметте орасан үлес қосып, қажырлы еңбек еткен сала ардагерлеріне бүгінгі жетістіктеріміз бен алға қойған жоспарларды таныстыру.

Кездесу барысында Департамент басшысы Салауат Мүксімов бірқатар жобалардың өзектілігі, мұндай кездесулердің жас мемлекеттік қызметшілер үшін алатын орны ерекше екендігін алға тартты. Соңғы кездері мемлекеттік қызмет саласында бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін,атап айтсақ, мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер мәселелеріне қатысты.

a

Сала ардагерлеріне Департамент бірқатар жобаларды таныстырды. Оларға мемлекеттік қызметке іріктеу барысының өтуіне қолайлы жағдай жасау, конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген үміткерлермен сұхбаттасу барысын қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізу, яғни онлайн-әңгімелесу тәсіліне көшу, онлайн-бақылаушы жобасы арқылы конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін, әділдігін қамтамасыз ету, үміткерлердің конкурс процесіне деген сенімділігін арттыру кірді.

arda0503201

Электронды байқаушы ретінде департамент қызметкерлері де облыста, қала және аудандарда өткізілетін конкурстарды қашықтықтан бақылай алады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің «мансаптық картасын» іске асыру, яғни меритократия қағидасын сақтай отырып, ішкі конкурсқа қатысушылардың үлесін арттыру, мемлекеттік қызмет заңының 9 бабының 3 тармағында мемлекеттік қызметшінің денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажеттi еңбек жағдайларын қарастыру көзделген. Әр мемлекеттік қызметшіге қолайлы жағдай жасалған болса, оның еңбекке деген ынтасы арта түседі.

Бұл жобада облыстағы мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орындары мен мемлекеттік органдардың ғимараттарының жай-күйіне де талдау жүргізе отырып, тиісті мемлекеттік органға ұсыныс берілуде. Жаңа өзгеріске орай, Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары еңбекақы төлеудің пилоттық жобасына енді. Яғни әр қызметкердің атқаратын жұмысының күрделілігі мен тиімділігі ескерілетін болады.

Өз кезегінде мемлекеттік қызмет ардагерлері мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруда осындай жобалардың үлесі зор екендігін ерекше атап өтті.

МҚІА баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT