Атырауда қосымша «Сергек» камерасы орнатылады

Атырауда «Сергек» камераларын орнату, арнайы жүйеге қосу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көркем Телеком» компаниясы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Сергек» жобасы аясында Атырау қаласында 2748 камера орнату көзделген. Оның 774-і қоғамдық қауіпсіздікті бақылауға арналған. Бұған дейін орнатылған 750 бейнебақылау камерасы да жүйеге қосылады.

Ал, жол қиылыстары мен желілік учаскелерді 612 камера бақылайды. Сонымен бірге, жоба аясында полицейлерге арналған 100 планшет пен 10 экометеодатчик қарастырылған.

«Жоба кезең-кезеңмен іске қосылады. Наурыз айында басталып, бірнеше айға жалғасады. Жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды тіркеу және айыппұл салу жүйесін іске қосу туралы өкілетті органдар қосымша ақпарат береді» - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521