Биылғы қыс қандай болады?

Жұлдыз жорамалшылар мен табиғатпен тілдесетіндердің болжамы

Белгілі академик-ғалым, қоғам қайраткері Ақселеу Сейдімбеков ағамыз "Қазақ әлемі" атты ғылыми-зерттеу еңбектерінде көшпелі жұрттың әдет-ғұрпы, салт-санасынан бөлек, тұрмыстағы болжаушылық қасиеттерін де жазып кеткен. Болжаушылық деп отырғанымыз табиғаттың тілі.

Күннің райын, жылдың мезгілдерін аң-құстың мінезіне қарап алдын-ала бағдарлаған. Мәселен, қотандағы қой бір бағытқа қарап жайылса, кешікпей боран соғады. Күн құлақтанып батса, ауа райы оңалуға тиіс. Ит пен мысық иіріліп жатса немесе тұмсығын бауырына тығып ұйықтаса, жауын-шашын болады деген сияқты басқа да мысалдар мыңдап саналатынын айта кеткен жөн. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұны неге қозғап отырмыз? Бүгінде күннің райын, жылдың мезгілін шамамен қалай болатынын болжап білу қиын емес. Математикалық есеп-қисаптың бергі жағында метерологиялық стансалардың пайда болғанына жүз жылдан асты.

Соған қарамастан әлдеқандай тылсым күштерге иек артып, ауа райын болжайтындар бар әлі біздің қоғамда. Және көбісінде тек негативті болжамдар басым. Бұл әлгі әдет-ғұрыппен астасқан қазақы долбарлармен байланысты ма, әлде долларларды мақсат еткен айтқышбек, білгішбектердің хайпы ма?

Сол жақтан жел соғып тұр, демек солтүстіктен суық дауыл келеді. Үш тас бірдей түсіп тұр, құт береке болады екен дейді. Осылайша бақсы балгерлер адамның тағдырын қойып, табиғатпен де тілдесетін болған. Алайда 21 ғасырда, ақпараттық технология дамыған заманда телефонға 112 қызметінен ауа райы туралы күнделікті хабарлама келіп тұратынын білмейді-ау шамасы деп ойлаймыз, сөйтсек, көріпкелдердің құлақтарына сыбырлайтын тылсым күш бар екен. Өздерінің айтуларынша.

50 жылдан кейін Шымкентте қар жаумайды, ал 100 жылда Антарктидағы мұздар толығымен ериді. Бұл болжамды елімізге әйгілі жұлдыз-жорамалшы Нұрғабыл Қозыбай айтуда. Синоптик 15 жасынан дәл осы ғылыммен айналыса бастапты. 30 жылдық тәжірбиесінде табиғаттың тылсым күшін әбден зерттеген. Мәселен, оның пайымына салсақ, қуаңшылық төрт жылда, ал қатты суықтар 12 жылда қайталанады-мыс.

«Мемлекеттің ауа райын болжайтындар немесе интернет бір айдан артық болжам айта алмайды, біздің ата-бабабаларымыз бірнеше жылға болжаудың тәсілдерін білген. Ауа райы қандай болады Оңтүстік өңірде? Айдың аяғына дейін күн ашық болады 28-29 күндері өліара!», - дейді Нұрғабыл Қозыбай.

Күні-түні аспанмен тілдесіп, желмен үндесетін тылсым күш иелері биыл бірнеше өңірде жауын-шашын болатынын болжауда. Мәселен, Тілеуберді ақсақалға мұндай қасиет ата-бабаларынан дарыған. Ол бұлтқа, ағашқа қарап-ақ, төрт мезгіл жайлы әп-сәтте білетін қасиетке ие.

«Мен құстың ұшуына, ағаштың жапырыға байланысты, шөп шауып, дайындау кезінде ауа райын қандай болатынын біліп үйрендік. Биылғы қыс Ақмола, Павлордар, Шығыс жауын-шашыны, күз ұзақ болады менің байқауым бойынша», - деді Тілеуберді Құсманұлы.

Десе де синотиктер мұндай жұлдыз-жорамалмен айналысатындардың болжамына күмәнмен қарайды. Өйткені, ауа-райы тек үш күнге ғана есептеуге келеді дейді. Мәселен, алдағы күні елімізде...

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде жауын-шашын жауады, шығыс өңірлерде жауын-шашын түсуі ықтимал. Туман күтіледі. 10-20 жел күшейеді», - дейді синоптик Саида Бердібекова.

Ал нумерологтар не дейді?

«Қыс айы өте жылы болады деп айта алмаймын. Оған астролоогтар жауап береді. Нумерологтар тек сандар, жалпы 2020 жақсаратын жыл!», - дейді нумеролог Құралай Бақытқызы.

«Мына табиғатқа қарап болжағандықтан, тілін түсінемін десем де болады. Ата-балабалырымз түсінген. Талға байланысты болжам айтатын болсақ, ерте сарғайып ерте басталады дейді. Биылғы жылы жапырақтар ерте түсіп жатыр!», - деді жұлдыз-жорамашлы Нұрғабыл Қозыбай.

Осылайша астролог, жорамалшы, балгер-бақсы бәрінің де айтары бір. Қуаңшылық, құрғақшылық, қаһарлы қыс! Тек оларға сену, сенбеу әркімнің өз еркінде.

Материал ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521