Жалпы елімізде АӘК 2019 жылы 1 сәуірінен бастап беріле бастады.
Бұл көмек жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын яғни айлық табысы 20789 теңге төмен отбасыға берілді. Оның ішінде кәмелетке толмаған балаларға 20789 теңге мөлшерінде АӘК төленген-ді. Енді келер жылдан бастап 1 қаңтардан бастап, жаңа мемлекеттік жәрдемақы төленетіні бізді қуантып отыр.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі АӘК-ті берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірлеген-ді. АӘК өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға ғана тағайындалуы тиіс көрінеді. Біріншіден, әлеуметтік көмектің тоқсан сайын тағайындалуын қайтару, шартты және шартсыз көмекті 3 айға тағайындау бір жағынан көмек алушының өз табысын жасыру жағдайын барынша төмендетеді.
Жалпы жаңа көмекті тағайындаудың өз тәртібі бар екен. Басты себеп - отбасының жан басына шаққандағы табысы келесі тоқсанда көбіне азаю жағына өзгеріп отыруы. АӘК-ті тоқсан сайын есептегенде тағайындалған мөлшері ұлғаюы мүмкін. Барлық отбасы мүшелеріне АӘК орта табысы мен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық көлемінде төленеді. Егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынған жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, оған және оның отбасы мүшелері АӘК алу құқығынан айырылатын болып шықты.
Сонымен қатар бала күтімімен айналысатын анаға баласы 3 жасқа толғаннан кейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуына мүмкіндік бар көрінеді. Ол жаңа өзгерістер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгелі отыр.
Д.Сұлтанова,
көп балалы ана