Бірнеше мәрте жарияланған шектеу шараларының кәдімгідей пайдасы тиді

ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ.

Жұмыр жердің жүзін тәж-тажал атты қатерлі індет жайлағалы да жарты жылдың жүзі болды. Күллі адамзат баласының алаңдаушылығын туғызған, әлемге дендеп жайылған індет Қазақстанды да айналып өтпеді. Әрі өзінің қайғылы да қасіретті ізін қалдырды. Ел-жұртымыз ауыр сынақты бастан кешті. Бірақ Алла сабырлылармен бірге дейтін момын халқымыз ел басына түскен ауыртпалықты қара нардай көтере де білді. Енді бүгін індетке шалдығу азайды деген жағымды хабар ел-жұртты қуантып отыр. Бұған мемлекет белгілеген карантин тәртібін сақтаудың да себеп болғаны рас. Бірнеше мәрте жарияланған шектеу шараларының кәдімгідей пайдасы тиді.

Бүгін яғни 17 тамыздан бастап карантин шаралары ішінара жеңілдеді. Алайда бұл жайбарақаттыққа жол беруге себеп болмауға тиіс. Осыдан тура екі ай бұрын карантин ашылған кездегі аңғырттық пен содан туған қатерлі, қайғылы сәттерді және соған сәйкес мемлекетіміз аза тұту күнін жариялағанын да ұмытпайық. Карантин жеңілдеді екен деп үйден беталды шығу, той тойлау, тағы да басқа қызық қуудың өте қатерлі қадам екенін естен шығармайық. Карантиннің ішінара ғана жеңілдегені есте болсын. Мемлекет жалпыға ортақ тәртіпті бекерден-бекер белгілемейді. Оны сақтаудың қандай пайдалы екенін жұртшылық осы тамыз айының алғашқы жартысында жариялаған карантин кезінде сезінді. 

Кезінде қазақ әдебиетінің классигі Оралхан Бөкей: «Ошақтың бұты үшеу болғанымен, жағар оты біреу» деген екен. Ендеше, үш жүзден құралған халқымыз үшін бұл ортақ қиыншылық. Оны Алла бірге жеңуге жазсын. Әмин.

Тарас НАУРЫЗӘЛІ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT