Бірлікті ту еткен ел едік...

Қордайда орын алған оқиға бүкіл қазақстандықтар үшін төбеден жай түскендей әсер етті. Соғыс жоқ, айдың күні аманында қантөгіс орын алуы заманның не болып бара жатқаны деген сұраққа жетелейді?

Біздің халқымыз ежелден татулық пен тұрақтылықты, береке мен бірлікті мақсат еткен ел болатын. Қазіргі егемен еліміз де тәуелсіздік алған кезден бастап ынтымағы жарасқан өзіндік қазақстандық даму жолын қалыптастырған абыройлы мемлекетке айналған ел емес пе еді?

Күнделікті тұрмыстық кикілжіңнің үлкен текетіреске айналып, осындай адам өліміне әкеліп соқтыруы, қаншама тұрғын үйлердің, сауда орындарының, автокөліктердің өртеніп, істен шығуы сөз жоқ белгілі бір арандатушылардың әрекеті, олардың мақсаты тату-тәтті өмір сүріп жатқан ұлттар арасына от жағып, ұлтаралық қақтығысқа соқтыру. Бұны басқаша түсінуге болмайды.

Қазақ халқының бауырмалдығы арқасында 150 жылдан астам уақыттан бері еліміздің тұрғындары ұлт өзгешелігіне қарамастан тату-тәтті өмір сүріп келеді. Алға қарай да солай бола береді.

 

Асқар ҚҰРМАНБАЕВ,

еңбек ардагері, «Ерен еңбегі үшін»медалінің иегері,

"Махамбет ауданының Құрметті азаматы"

Cурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT