Іргеміз сөгілмесе екен

Қазақ халқы «Ырыс алды-ынтымақ» деп жатады. Қазақ елінде дүниеге келіп, осындай ғажап мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды тағдырдың берген үлкен сыйы деп есептеймін.

Күні кеше болған Қордайдағы оқиғаны естіп, телеарналардан көріп, көңіліміз алай-дүлей болғанын жасырмаймыз. Қазіргі уақытта Қордайдағы жағдай қалпына келіп, халыққа көмектер көрсетіліп жатыр.

Президент Қ.Тоқаев қақтығысқа жол берген шенеуніктер жазаланатынын айтты. Тарихымызда бұрын-соңды мұндай оқиғалар болмаған еді. Бұл пәниде осылай жақсы болып жүргеніміз, қандай да бір жетістікке жеткеніміз алдымен Алланың, одан қалды ата-бабамыз бен қазақтардың арқасы деп білеміз.

Біздің көршілес Индер ауданының Есбол(Кулагино) ауылынан киелі Махамбетке, өзіміз тұратын Сарытоғай өңіріне көшіп келгенімізге 33 жылдай болды. Қазақта «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген мақал барын білемін. Сол айтқандай, елдегі тыныштық пен ынтымақты бұзып, бірлігімізге іріткі, лаң салғысы келетін теріс пиғылды арам ниеттілердің табылып қалатыны қынжылтады.

Қордайда орын алған жағдай соның айқын көрінісі. Біз Сіздермен қашанда біргеміз, ешқашан іргеміз сөгілмесе екен деген тілектемін. Аспанымыз ашық, дұшпанымыз қашық болсын.

Надежда МАРТЫШКИНА,

«АтырауЭнергоСату» ЖШС қызметкері

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT