«Бүгінгідей бүкіл әлем алаң күй кешіп, ұлт саулығы сынға түскен қазіргі сәтте де баршаны сабырға, байсалдылыққа шақырып, тағы да жұртыма ақ тілеулі сөзімді арнағалы отырмын» - деп бастайды ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында.
Иә, Нұрсұлтан Әбішұлы тәуелсіздігіміздің 30 жылында еліміздің жеткен жетістіктерімен, қиыншылықтарында елімен, халқымен бірге бола білді. «Мың өліп, мың тірілген» Қазақ халқы арғы жағын айтпағанда, 20 - ғасырда не бір зұлматты, адам айтқысыз қасірет пен қиыншылықты басынан өткізді. Соның бәрінен өтіп, сол 20 ғасырдың соңында тәуелсіздікке қол жеткізді. Шынында да Қазақ жұрты қиындыққа төзе білетін, намысын ешкімге бермейтін, құшағы ашық бауырмал, басына күн туса бірлігін көрсете алатын халық қой.
Елбасы, өз мақаласында бүкіл әлемге соның ішінде Қазақ еліне де қауіп-қатер төндіріп тұрған жаман індет- коронавирусқа қарсы бірлесе жұмылып,ынтымықтаса әрекет етуге, бүкіл халық болып қолдау көрсетуге шақырады. Соның ішінде аға ұрпақ пен зиялы қауым өкілдеріне сенім артып, жастардың өздерін көрсететін кез келгенін атап көрсеткен.
Иә, Елбасы ұлт саулығы сынға түскен бүгінгі күні баршаны байсалдылыққа, сабыр мен сенімге шақырып отыр.
Бүгінгі еліміз бойынша көмекке аса мұқтаж адамдарға, көп балалы аналарға,әл-ауқаты төмен отбасыларына үкімет тарапынан «Biz Birgemiz» акциясы аясында көмек, қолдаулар көрсетіліп жатыр. Осындай шаралар аудан әкімдігінің, «Nur Otan» партиясы Махамбет аудандық филиалының, «Jas Otan» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен біздің ауданымызда да өтіп жатыр. Бұл шаралар алға қарайда жалғасын табады.
Қазақта ескіден келе жатырған есті сөз бар: «Бақыт қайда барасың – бірлікке барамын, ырыс қайда барасың - ынтымаққа барамын» деген. Бірлігіміз артып, ынтымағымыз жарасқан ел болайық.
С.Жайлашев