Теңіз кенішінен жұмысшылар уақытша үйлеріне қайтарылады

Жұмысшыларды уақытша кейін қайтаруды ТШО алдағы апталарда көздеп отыр. Бұл процесс кезең- кезеңімен жүреді.Бұл туралы Atr.kz хабарлайды.

“Ондағы мақсат - аурудың кең ауқымда тарап кетуінің алдын алу. Яғни, бұл жағдай Теңіз кенішіндегі қызметкерлердің денсаулығы үшін жасалып отыр” деп түсінік берді ТШО компаниясының Үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиев Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Жұмысшылар санын азайту базалық өндірісте және Болашақ кеңейту жобасында да болады. Белгілі болғанындай, әзірге базалық өндірісте барлық құрылыс жұмыстары толық тоқтатылады. Болашақ кеңейту жобаларында бірінші қажеттіліктегі жұмыс түрлері ғана жалғасады. Атап өтерлігі, жұмысы уақытша тоқтатылатын мердігер компанияларға ТШО қызметтік персоналдың жалақысын сақтауды ұсынған. “Бірақ, өтемақы төлеу мәселесі ҚР Еңбек кодексі аясында қаралуы керек” деп нақтылады сөзін спикер Рзабек Артығалиев.

Белгілі болғанындай, Теңіз кенішінен жұмысшыларды эвакуациялау алдағы 3-4 аптаның ішінде жүзеге асырылады.

Қазірдің өзінде Теңіз кеніші аумағынан 500-700 адам шығарылған.

Жұмысшылар санының тікелей қысқаратынына қарамастан, спикер бұл жағдайдың мұнай өндірісі көлеміне әсері болмайтынын атап өтті. “Мұнай өндірісі көлемі тоқтамайды. Бұл бағытта жұмыс штаттық режимде жүріп жатыр” деді ТШО өкілі Рзабек Артығалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT