Әкімшілік істер бойынша тараптар татуласты

Әкімшілік істері төтенше жағдай кезінде де орын алып, тараптардың татуласуы мен қаралуына еш кедергі келтірмеді, алайда жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар саны көбейіп отырмаса, азайған емес.

Аталған істер ҚР ӘҚБтК-нің 10-тарауы, яғни жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар.

Махамбет аудандық сотында, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-1-бөлігіне азамат М-ға қатысты әкімшілік іс «TrueConf» қосымшасы арқылы қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес,аудан тұрғыны құқық бұзушы М. зайыбы А-ны ұрып-соғып, денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған, тән ауруына ұшыратқан. Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы өз кінәсін мойындап,өкінетінін айтып, қазіргі таңда зайыбымен өзара татуласқанын жеткізеді.

Сот қаулысымен әкімшілік іс бойынша іс жүргізу жәбірленуші А-ның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғамен татуласуына байланысты тоқтатылады.

Сонымен қатар, ауыл тұрғыны А. алкогольдік ішімдік ішкен күйде үй ішінде анасы Б-ға сыйламаушылық көрсетіп, жанұя тыныштығын бұзған.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігіне азамат А-ға қатысты әкімшілік іс «TrueConf» қосымшасы арқылы қаралды.

Сот отырысында А. өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетін енді қайталамайтынын, анасы Б-мен татуласқанын айтып көрсеткен.

Сот қаулысымен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғамен татуласуына байланысты тоқтатылды.

Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT