Бір жолғы төлем төлене ме?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі «Қарттар күні аясында Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында 216,7 мың адамды қамти отырып, 2,3 млрд теңге сомасында біржолғы материалдық көмек көрсетіледі» деп хабарлаған еді.

Ал бұл төлем ауданда тұратын барлық зейнеткерлерге бірдей төлене ме? Аудандық төлем орталығы басшысы З.Аманбаева бұл жөнінде нұсқаулық әлі келмегенін, министрлік төлемді қай зейнеткерлерге, әлде мүгедектерге ме, кімдерге берілетінін нақты көрсетпегенін, тек жыл сайын мүгедектерге ғана мерекеге орай төлем берілетінін, оның тізімін тек аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне жібергенін айтты.

Бұл туралы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары А.Сейлова: « Бұл төлем бірінші рет төленгелі отыр. Бірақ төлем жөнінде нұсқаулық(положение) бізге әлі келген жоқ. Мүмкін әр аймақ өзі төлейтін шығар»-деп жауап берді.

Сондай-ақ ол мүгедектерге арналған төлем жыл сайын төленіп келе жатқанын, оны 800-дің үстінде адам алатынын, тізім жасақталып, айдың соңына дейін төленетінін қаперледі.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT