"Бастау- Бизнес" жобасының қырыққа жуық үздіктері өз өнімдерінен көрме жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы мен қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен "Бастау Бизнес" жобасының үздік тыңдаушыларының көрме-жәрмеңкесі өткізілді. 40-қа жуық жобаның үздік қатысушылары халыққа өз өнімдерін ұсынып, шығаратын өнімдерінің түрлерімен таныстырды.
2019 жылы "Бастау Бизнес" жобасы аясында қала мен 7 ауданнан 2000-ға жуық адам оқытылған.679 қатысушы қаржыландырылып, оның ішінде 497 қатысушы 100 және 200 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз гранттарға ие болды.
Сонымен қатар, "Жас кәсіпкер" жобасы бойынша 600 жастар кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Қазіргі уақытта оқытылған жастардың ішінен 308 адам 200 АЕК мөлшерінде грант иегері атанды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тартуға бағытталған.
Айта кетейік, аталмыш бағдарлама келесі жылы да жалғасын табатын болады.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет:ӨКҚ