Пробация есебіндегілермен психологиялық жұмыс жүргізілуде

Жақында Махамбет аудандық ауруханасының психолог маманы Динара Лұқпанова мен аудандық пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған сотталғандармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуді ашқан психолог маманы Д.Лұқпанова «Уайымнан арылып, жаңа өмірді қалай бастауға болады?» атты Дейл Карнегидің 10 кеңесін айтып өтті.

-Кітап жайлы емес, кітаптың ішіндегі өмірін жақсарту үшін кез келген адам істей алатын кеңестер жайлы сөз қозғаймыз. Тұлғалық психология саласына қатысты көптеген зерттеулер жүргізіп, бұл жұмысқа ғұмырының көп жылдарын арнаған Дейл Карнегидің ерекше принциптерін орындағандар барлық қажетсіз уайымнан арылады. «Уайымнан арылып, жаңа өмірді қалай бастауға болады?» кітабында автор оқырмандарына теория жүзінде ғана емес, шынайы өмір мысалдарымен келтірілген өзінің пайымдарын ұсынады,- деді Динара Каримовна.

Сотталғандарға психологтың кеңес керек болған жағдайда әрдайым көмек көрсететіні жөнінде де айта кетті. Аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы А.Молдашева психолог маманы Динара Каримовнаға алғысын білдірді.

А.КАБДЫКАЙРОВА,

аудандық пробация қызметі тобының инспекторы,

әділет капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT