2018 жылы «Кеңес патриоты» із кесушілер отрядының қатысушылары Клест(Сюрья саари) аралының Выборг мүйісінен белгісіз кеңес жауынгерлерінің жерленген орнын тапты.
Аралдағы өткен 2 жылғы зерттеу жұмыстары нәтижесінде әртүрлі архивтерден 324 жауынгер мен 181 командирдің есімдері белгілі болды. Олар аралда 1940-шы жылдың наурыз айында болған совет-фин соғысы кезінде қаза тапқан екен. Жерленген жері анықталып, ол жер құжаттандырылып, аттары жазылған мәрмәр плита тақталар орнатылды.2021 жылдың 9 ақпанында 52 жауынгердің туыстары табылды.
Енді Атырау(Гурьев) облысынан аттанған 3 жауынгердің тума-туыстары іздестірілуде.
Джамантаев Нугмет, қызыл әскер, атқыш мерген, 1918 жылы туған, әке-шешесі, тума-туыстарының мекенжайы: Қазақ ССР, Гурьев обл, Новобогат ауданы,Рейнарсуд селосы. Әскер қатарына 1938 жылы шақырылған. 1940 жылы 11 наурызында Сюрья-саари аралында қаза тапқан.
Серкбаев (Серкебаев) Курбеко(Нурбек) Селхарович, қызыл әскер, атқыш. 1917 жылы туған, мекенжайы: Қазақ ССР, Гурьев обл, Паюсовский ауданы, №8 колхоз. Әскерге 1938 жылы шақырылған. 1940 жылдың 12 наурызында Сюрья-саари аралында көз жұмған.
-Туралиев Хасбай Дюсенгалиевич қызыл әскер, атқыш мерген. 1918 жылы туған. Тума-туыстары, әкесінің мекенжайы: Қазақ ССР, Гурьев облысы, Промсольбаксукский ауылдық кеңесі. Әскерге шақырылған уақыты- 1938 жыл. Сюрья-саари аралында 1940 жылдың 12 наурызында қаза тапқан.
Осы белгісіз жауынгерлердің туыстары табылып жатса, мына төмендегі мекенжайға байланысуға болады. Байланысу үшін: Чипенко Михаил ұялы: 8921-368-5771 ватсап Е-mail:m.chipenko@yandeх.ru