Бабаларымыздан қалған ұлы дала, біздің аманатқа қалған қастерлі мұрамыз.
Осынау Алтайдан Атырапқа дейінгі ұшқан құстың қанаты талатын қасиетті қазақ жерінің табиғи байлықтарын есепсіз пайдаланатын азаматтар бар екені бәрімізге мәлім. Осы тұрғыда жер үсті және жер асты байлықтарын қорғауды біршама сала қызметкерлері қадағалап келеді. Соңғы уақыттарда Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының режимдерінің бұзылмауы мақсатында жұмыстарын күшейтті.
Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментіне қарасты шекара бөлімшелерінің бірінде аға лейтенант Н.Сағындықұлының бастамасымен құпия наряды заң бұзушылардың ізіне түсті. Бірлік елді мекен аумағында, Қиғаш өзенінің бойында ішкі және аумақтық суларға шығу ережесін бұзған Қазақстан азаматтары УРАЛ мото техникасымен қолға түсті.
Тексеру барысында мото құрылғысына 4 дана қапқа тиелген балық анықталды. «Амангелді» балық коперативіне тапсырылды. Коперативтің шығаруы бойынша жалпы салмағы 202 кг оның ішінде 195 кг сазан, 7 кг жайын балықтары анықталды. Құрманғазы ауданы бойынша полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Сол арада заң аясында ұсталған екі азаматқа Қазақстан Республикасы аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының режимдерін бұзу бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 512 -інші бабы бойынша әр азаматқа 29 170 тенге көлемінде айыппұл салынды.
Аталған дерек бойынша ақпараттық есепке алу кітабы (АЕК) тіргелген материалдар Құрманғазы аудандық полиция бөліміне процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды. Мемлекетке келтірілген залал көлемі 10 579 995 тенге көлемінде болғандығы белгілі болды.
Өмірбат АЙТӘЛІ,
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті шекара қызметі
Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы,
аға лейтенант