Баспана тақырыбында жазатын блогер Дәулет Төлеутайұлы алты баласы бар жалғызбасты әкеге баспана алып беру үшін 8 миллион теңге жинаған. Жақын арада көпбалалы әке баспаналы болады. Tengrinews.kz тілшісі Дәулет Төлеутайұлымен әңгімелесіп, қайырымдылық іс-шаралары туралы сұрады.
Бұл блогердің мұқтаж отбасыларға 8-рет үй әперуі.
Қазіргі таңда Дәулет Төлеутайұлы - баспанаға бағыт беруші жетекші сарапшы маман. Оның кеңесімен бүгінде мыңнан аса тұрғын баспаналы болған.
Еліміздің әр аймағында 3 мыңға жуық адамға шеберлік сабақтарын өткізген. Қазір ол қайырымдылық қорын заңды түрде тіркеп жатыр екен. Бұл қоры баспана және білім бағытында жұмыс істей беретінін айтады. Яғни, жиналған ақша мұқтаж отбасыларына үй әперуге, жастардың білім алуына көмектесу мақсатында жұмсалады дейді ол.