Атырау облысында 63 жоба аясында 7 113 жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр.
Осы мақсатта биыл "Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында 35 млрд. 308 млн. қаражат бөлініп отыр", - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Аталған бағдарлама аясында тек Атырау қаласының шеңберінде 17 инфрақұрылымдық жоба іске қосылады. Нәтижесінде 2028 жұмыс орны ашылады. Оның ішінде, 1043 орын Жұмыспен қамту орталығы арқылы, жұмыссыздарға ұсынылады.
«Карантинді сылтауратуды қойып, жұмыс істеу керек. Басты мақсатымыз - аймақтағы жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу. Қосымша жұмыс орындарын ашып, оларды барынша тұрақты жұмыс орындарына айналдыру арқылы әр отбасының табыс көзін қамтамасыз ету», — деген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрақты жұмыс көздерін ашып, бөлінген қаражатты мақсатты және уақтылы игеруді тапсырды.
Өңірілік коммуникация қызметі
Сурет:дереккөз