Балаларға екпе салу міндетті және ерікті болып жүктелді

ҚР Парламентінің мәжіліс депутаттары екінші оқылымда халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте көрсетілген міндетті түрде жасалатын вакцинацияны мақұлдады.

"Қорытынды салыстырмалы кестеде 717 қабылданған өзгертулер бар", - деді депутат Зәуреш Аманжолова.

Бұған қоса ол тағы екі түзету енгізу туралы ұсынылғаны жайлы айтып кетті. Мәселен, профилактикалық екпе салдыруға "міндетті" деген сөзді "құқылы" деп өзгерту керек екен. Сонымен қатар егілмеген балаларды балабақшаларға кіргізбеу туралы шешімнен бас тартқан жөн деген бастамалар көтерілген. Алайда бұл ұсыныстар қабылданбапты.

"Нәтижесінде екпе түрлері міндетті және өз еркімен салынатын болып екіге бөлінсе, ал балалардың балабақшаға кіргізуге деген рұқсат беру "ұжымдық иммунитетке" байланысты жүзеге асырылады", - деп қосты Аманжолова.

Дереккөз:ktk.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT