Балаларды қорғау күнін аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де атап өтті.
Мереке қарсаңында полиция қызметкерлері 8 жанұяға, жалғызбасты, көпбалалы аналарға, жайсыз отбасыларға азық-түлікпен, киім-кешекпен көмек көрсетті.
Ювеналды полиция тобының инспекторлары Атырау көмекші мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне арнайы мерекелік дастарқан жасап, сыйлықтар таратты. Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебімен бірлесіп, кіші аяқдоптан 12-14 жастағылар арасында жарыс ұйымдастырып, жүлдегерлер медальдармен марапатталды.
Полицияның алдында тұрған негізгі міндеттерін түсіндіру мақсатында кәмелетке толмағандар арасында топ құрылған-ды. Оларға аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөлімі, уақытша ұстау изоляторының жұмысы таныстырылды. Міне, осылайша келіп жеткен айтулы мереке балалармен бірге атап өтілді.
А.Елешова, Жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты