Бұл жоба ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы келісім аясында Жастар корпусын дамытып, үйлестірушілердің ұйымдастыруымен құрылған болатын.
Аталған жобаның аясында 2017 жылдан бері ауқымды істер атқарылыпты. Жұмыссыз, жұмысы бар, бірақ айлық көлемі аз жастардың бастамаларына қаржылай көмек көрсетіп, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында құрылған жобада 2019 жылы Атырау облысы бойынша 257 Атыраулық жастардың жобасы мақұлданып, жеңімпаз атанды.
Соның ішінде Махамбет ауданы бойынша 51 жоба қабылданып, 20- сы жеңімпаздар қатарынан табылды. Алдағы уақытта жоба жеңімпаздарын кәсібін бастау үшін 1000000 грант бөлініп, шәкіртақы төленеді. «Zhas Project» — өз ісін қолға алып, халыққа, қоғамға пайдалы кәсіп түрімен айналысуды ойлап жүрген талай жастың арманын орындап, бизнестерін бастап берді. Махамбет өңірінен мақұлданған 20 жобаның әрқайсысында үлкен мақсат-еңбек жатыр. Грант иегерлерінің ендігі мақсаты - өңіріміздегі тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға, қарттарға, жетімдерге, жалғызбасты аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесіп, алғашқы 6 айда тегін қызмет көрсету.
Ал, 6 айдан соң олар өздері ашқан жеке кәсіптерін одан әрі жалғастырып, техникалық құрал-жабдықтарын, жұмыс орындарын сақтап қала алады. Аудан бойынша грант ұтып алған жоба иегерлерін жариялап, оларға сәттілік тілейміз.
«Zhas Poject» жобасының ІІІ кезенінен өткен жобалар тізімі:
1. Тегершік жөндеу орталығы (Алға) Өтеуов Айбат Айтанұлы
2.«Əлемге қадам» оқу орталығы (Махамбет) Жаңбырбаева Ақмарал
3. Сүт өнімдері (Махамбет) Тулегенова Жайнар Нуржановна
4. Мал жүнін қайта өңдеу және қыз жасауы жобасы (Махамбет) Сапаров Наурызбай Канатович
5. Студия Красоты (Махамбет) Азмуханова Ардак Бериковна
6. "NurAzі тәттілері" кондитерлік орталық жобасы (Алмалы) Мұханбетова Айбала
7. "Asuman baker" (Махамбет) Қасенова Қатира Болатқызы
8. "Милана" тігін шеберханасы (Жалғансай) Мүсәлімов Айбол Нұранұлы
9."Қуаныш сыйла" аниматорлық орталық (Махамбет) Үмбетова Гүлнәз Ғанибекқызы
10.Медина той шаралар орталығы (Махамбет) Хамидуллин Алмас Ұзақбайұлы
11. "Ақтоғайдың ақ сүті" (Ақтоғай) Маев Данияр Беркалыұлы
12. "Жетістік академиясы" білім беру орталығы (Бақсай) Бисембай Тілекші Серікқалиқызы
13. "Ілтипат" тігін шеберханасы (Есбол) Жұмабай Жанаргүл Мәлікқызы
14. "Aidana" оқыту орталығы (Махамбет) Мұхамбетова Айдана Бекболсынқызы
15. Ірі қара мал шаруашылығы (Бақсай) Бисембай Нұрбек Серікқалиұлы
16. Інжу-Азиз, құс шаруашылығы (Махамбет) Аймағамбет Мөлдір Сүйеуқызы
17. "GE" универсалды шеберлік курстары (Бақсай) Бисембаева Айбибі Серікқалиқызы
18. Үй құстары (Есбол) Жұлдызова Мәдина Темірланқызы
19. Әлеуметтік шаштараз (Ақтоғай) Толепова Индира Мынбаевна
20. «Ақ ниет» сүт өнімдері (Бейбарыс) Өтемісұлы Махамбет
Айнұр САТАЕВА