«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 35 бұйрығымен «Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-04/148 бұйрығының 19 тармағына келесі өзгеріс енгізілген:
әуесқойлық (спорттық) балық аулау қармақтардың барлық жүйелерімен және атауларымен (жылтырауық, қармақ, жыртқыш балықтарды аулауға арналған қармақтар, спиннингтер), суасты аңшылығына арналған қарумен, сондай-ақ бір балық аулаушыға үш данадан аспайтын шаяндар мен басқа да су жануарларын аулауға арналған арнайы аспаптармен, қақпандармен және секреттермен жүргізіледі. Су астындағы аң аулауға арналған арнайы жапқыш құрылғылар мен мылтықтар халықтың демалыс аймағынан тыс жерлерде сондай-ақ жануарлар дүниесін пайдаланушы арнайы орындарда белгілеген бекітілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) рекреациялық балық аулауға арналған учаскелерде пайдаланылады. Аталған өзгерістер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін заңды күшіне енеді (ресми түрде жариялануы ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 10.02.2023 ж.).
Әуесқой (спорттық) балық аулауға қатысты басқа талаптар өзгеріссіз қалдырылған. Олар төмендегідей:
балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда бес килограммға дейін ақысыз қандай да бір рұқсатсыз жүзеге асырылады. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда бес килограмнан астам ақылы түрде жергілікті атқарушы органдарымен берілген рұқсат бойынша жүзеге асырылады. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау жеке адамдарға жануарлар дүниесін пайдаланушымен берілген жолдамасына сәйкес олардың ауызша және жазбаша өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Балық аулаушы әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру кезінде өзімен бірге:
1) жолдама (бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде);
2) рұқсат (балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында бес килограмнан астам балық және басқа да су жануарларын аулау кезінде);
3) жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет.
Әуесқой балықшы салмағы 5 кг асатын балықты аулаған жағдайда балықшы Egov.KZ порталы арқылы жануарлар дүниесін пайдалану рұқсатын алуға өтініш жіберуі қажет. Жануарлар дүниесін пайдалану рұқсатын рәсімдеу мемлекеттік қызмет болып табылады, қазіргі кезде ол Атырау облысы балық шаруашылығы басқармасы тарапынан көрсетіледі. 5 кг астам балықтың төлемі Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ Салық Кодексі талаптары бойынша өтеледі (582 бап).
Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай төлемақыны төлеу күніне қолданыста болатын еселенген АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айқындалады. Әуесқойлық спорттық (рекреациялық) балық аулауды жүргізу кезінде төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды – ірі балықтар (көксерке, сазан, ақмарқа, жайын, шортан, берш, дөңмаңдай) бір кг үшін төлемақысы 0,017. Ұсақ балықтар (қаракөз, табан, мөңке, алабұға, оңғақ, қызылқанат, балпан, көктыран, қылышбалық, айнакөз) төлемақысы бір кг үшін 0,008. Мысалы, әуесқой балық шы салмағы 12 кг жайын балығын (ірі балық) ауласа, төлемақы келесідей есептеледі: 7 (төленетін жайын салмағы) х 0, 017 (төлемақы мөлшері) х 3450 (АЕК 2023ж.) = 410,55 теңге. Жануарлар дүниесін пайдалану төлемақысы 105311 салық шотына төленеді.
Балық аулау қағидалары бұзылған жағдайда жеке тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383-бабының 1-бөлігі бойынша жауапты болады және оған он айлық есептік көрсеткіш немесе 34500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Осы айыппұлды жеті тәулік ішінде (демалыс және мереке күндері есептелмейді) төлеген кезде айыпкер айыппұл сомасының тек 50% -ғана төлейді. Егер құқық бұзушы бір жыл ішінде осындай құқықбұзушылықты қайталап жасаса, онда оған 20 АЕК немесе 69000 теңге сомасында айыппұл салынады.
Сонымен қатар, 5 кг-дан артық ауланған балықтың тиісті құжаты болмаған жағдайда, заң бұзушыға жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиянды өтеуге талап қойылады («Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18- 03/158 бұйрығы және «Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 18- 03/1058 бұйрығы). Жоғарыда көрсетілгендер негізінде Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы әуесқой балық аулаушыларды табиғат қорғау заңнама талаптарын сақтап, табиғатымызды ұқыпты пайдалануға шақырады!
А.АЙМАГАМБЕТОВ,
балық инспекциясы бөлімінің бас маманы