«BAQYLA»: тәуелсіз байқаушылар жұмысы

19 наурыз ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Кандидаттар мен саяси партиялардан бөлек, сайлаудың ажырамас бөлігі болып табылатын тағы бір топ бар – бұл бақылаушылар. Сайлаудың әділ және заң аясында өтуіне жауап беретін де осылар. Егер кандидаттар мен партиялардың үгіт-насихат жұмыстары ашық түрде жарияланатын болса, бақылаушылардың жұмысы қалай жүзеге асырылады?

Бүгін осы сұраққа жауап алу мақсатында бақылаушылар, оның ішінде тәуелсіз бақылаушылар туралы сөз қозғағымыз келіп отыр. Бірнеше жылдан бері қаламызда  «BAQYLA» тәуелсіз бақылаушылар қозғалысы қызмет атқарып келеді. 

Осы қозғалыстың Атырау қаласы бойынша мобильді кураторларының бірі Аслан Кенжеғұловтың сөзіне сенсек, негізгі бақылаушыларды дайындау ерекше талап пен көп уақытты қажет етеді екен. Бақылаушы болу – үлкен жауапкершілік жүгі мен салмақ салады.

- Алдыменен іріктеу жұмыстары жүргізіліп, кейін сауалнама өткізіледі. Бұның да себебі бар, өйткені, бақылаушылар арасында белгілі бір кандидаттарға немесе партияларға ашықтан-ашық қолдау білдіріп отыратындар да кездеседі. Біздің басты мақсатымыз бақылау болғандықтан, кім- кімге де басымдық бермейміз. Негізгі міндет – сайлау учаскелерінде болған кемшіліктер мен қателіктерді тіркеп, даулы мәселелердің шешілуіне араласу. Бұл жерде шыдамдылық та көп керек. Өйткені, бақылаушылар бекітілген сайлау учаскелерінде таңертеңнен кешке дейін отыруға міндетті,- дейді А. Кенжеғұлов.

– Негізі сайлау дегеніміз – азаматтардың мемлекеттің ісіне тікелей араласатын бірден бір мүмкіндік. Көп жылғы тәжірибе көрсетіп отырғанындай, тәуелсіз бақылау жүргізілетін сайлау учаскелерінде бұрмалаушылыққа жол берілмейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT