Бала бақылаусыз қалмасын

Қазіргі таңда өмірге көзқарастары толық қалыптаспаған жасөспірімдердің арасында оқыс оқиға салдарынан көптеген жеңіл және ауыр дәрежелі дене жарақатын алу оқиғалары жиі кездесуде.

Атап айтсақ, көп қабатты үйлердің терезелерінен абайсызда құлау, дәрі-дәрмекке немесе өзге де сұйық заттарға улану, суға кету, жол-көлік оқиғаларына ұшырау фактілері орын алуда. Мұндағы жол апатынан және тұрмыстық жағдайда жарақат алудың жоғары болуының басты себебі, балаларды жарақат алудан сақтандыруға ересектердің жеткілікті назар аудармауы, олардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырмауы, мектеп оқушыларының жол жүру мәдениетінің төмендігі, ата-аналардың дұрыс көңіл бөлмеуі және мектеп жанындағы жолдарға жүргізушілердің назар аудармауы болып табылады.

Балалар жарақаты мәселесінің әлеуметтік маңыздылығы айқын және осы мәселені шешуде барлық қоғам күшін біріктіруі қажет. Балалардың күндізгі және кешкі мезгілдерде қараусыз немесе қадағалаусыз жүрмеулерін қамтамасыз еткен жөн. Осыған байланысты ата-аналардан:

Баламыз ойынға кетті деп алаңсыз отыра бермеуді, балаларыңыздың кіммен, қай жерде жүргенін, бөгде адамдар мен сөйлеспеуін, ойнап жүрген орнын бақылауды;

Балаларды суға балық аулауға, суға түсуге қараусыз жібермеуін;

Көп қабатты үйлердің терезесінің тор сеткасынан абайсызда құлап кетуінің алдын алу бағытында балаларыңыздың іс әрекеттерін үнемі бақылап, бөлмеде жалғыз қалмауын, кәріз құдықтарына құлап, түсіп кетпеуін қадағалауды сұраймыз.

А.Аязғалиев Махамбет АПБ-нің бастығының орынбасары, полиция полковнигі

Сурет: Дереккөзі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521